Қоғам

Бүйрек ауруларының үздік практикалары талқыланды

Астана қаласындағы нефрологтар конгресінің алаңында бүйрек ауруларын басқарудың үздік практикалары талқыланды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

8-9 қараша күні Түркі әлемі, Еуропа, АҚШ, Сауд Арабиясы, Түркия мемлекеттерінің жетекші сарапшыларының басын біріктірген нефрологтардың, диализ дәрігерлерінің және трансплантологтардың Орталық Азия конгресі өтті.

Бүйрек ауруы – бүкіл әлем бойынша 750 миллионнан астам адамға әсер ететін жаһандық денсаулық сақтау мәселесі.

«Бүйрек функциясы төмендеген пациенттер санының популяциядағы жылдам өсуі жоғары мамандандырылған емес, бірақ ауыр әлеуметтік-экономикалық салдары бар жалпы медициналық пәнаралық мәселе. Ғылыми бағдарлама заманауи зерттеулердің кең ауқымын, үздік клиникалық практикаларды, ауруларды басқарудағы халықаралық және тиімді тәсілдерді және бүйректің созылмалы ауруларының даму қарқынын ұсынады», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі форумға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде.

Нефрологтар қауымдастығы бүйректің созылмалы ауруын (БСА) ерте анықтау, халықтың бүйрек патологиялары туралы хабардарлығын арттыру шеңберінде МСАК дәрігерлерінің сақтығын арттыру мәселелеріне ерекше мән береді, сонымен қатар скринингтер жүргізудің, анықталған пациенттердің жай-күйін бақылаудың және аурудың өршуіне жол бермеу мақсатында оларға кешенді терапия көрсетудің өзектілігі артты.

Қазақстанда нефрологияны дамыту саласындағы әлемдік үрдісті ескере отырып, медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен деңгейінің халықаралық стандарттарын өзектендіру және енгізу жүргізілуде. Асқынулардың алдын алу және динамикалық байқау үшін Қазақстанда бүйрек функциясының ерте бұзылуын анықтау бойынша бірқатар зерттеулерді қоса алғанда, ауруларды басқару бағдарламалары енгізілді.

Бүйректің созылмалы ауруы бар пациенттерге көрсетілетін медициналық көмекті жақсарту мақсатында Министрлік мынадай шараларды қабылдайды:
– жоғары медициналық оқу орындарының клиникалық базаларында нефрология бойынша республикалық Нефрология орталығы мен өңірлік құзыреттілік орталықтары құрылады;
– реципиент пен донордың паспортын ескере отырып, Күту парағын қалыптастыруды өзектендіру жүргізіледі;
– кадрларды даярлау «Нефрология» мамандығы бойынша резидентураның жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес жүргізіледі;
– гемодиализге, перитонеалді диализге және бүйрек трансплантаттауына жоғары шығынды қызметтер көрсету сапасының мониторингі.

Конгресс алаңында бүйректің созылмалы ауруы проблемаларының аса маңызды пәнаралық және үйлестіруші аспектілері, ҚР денсаулық сақтау саласының диализ және бүйрек трансплантаттауына жұмсалатын әлеуметтік – экономикалық шығыстарының ауыртпалығын талдау, ғылыми-білім беру платформасын қалыптастыру және халықаралық деңгейдегі емдеу мен диагностиканың инновациялық технологияларын енгізу талқыланды.

Форумның панелдік пікірталастарында Еуропалық Реналдық қауымдастықтың, Германия Федерациялық Республикасының, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Сауд Арабиясы, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанның беделді ғалымдары мен тәжірибешілері баяндама жасады.

Екі күндік Орталық Азия нефрология конгресі елордада жақын және алыс шетелдерден 400-ге жуық жетекші мамандарды жиналды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button