Жаңалықтар

Бүгін Астанада сауда және экономика саласындағы бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

ERM_4834

Қалалық әкімдіктің «Астана Жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен сауда және экономика саласындағы бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

40-тан аса жұмыс беруші  жоғары оқу орнын бітірген түлектерге 120-ға жуық вакансия ұсынды. Олардың қатарында экономист, есепші, сатушы, сауда жөніндегі менеджер,  маркетолог сынды қызметтер бар. Сондай-ақ, аспаз, кондитер, даяшыларға да сұраныс жоғары.

Жұмыс берушінің талаптары көп емес. Мамандығы бойынша дипломы барлардың еңбек өтілінсіз де жұмыс табуға мүмкіндігі бар. Жұмыс берушілердің айтуынша, бұл жас маманға деген таптырмас көмек. Оларға көбіне айлығы жүретін тағылымдама қарастырылған. Бастысы, сынақ мерзімінен сүрінбей өтсе болғаны.

Бұдан бөлек  елордадағы жастар саясатын жүзеге асыру үшін құрылған «Астана жастары» орталығы келушілерге тегін құқықтық көмек көрсетеді, еріктілер қозғалысын жүргізіп, аула клубтары қызметін реттейді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button