Ел тынысы

«Бұл – біздің қолымыздан келеді»

Қазақстандағы қазіргі су тасқыны 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Мемлекет басшысы қазақстандықтарға үндеу жолдады, ол ең бастысы, адам шығынын болдырмау екенін атап өтті. Бүгінде бүкіл ел – еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер, барлық саяси партиялардың мүшелері және еліміздің қарапайым тұрғындары зардап шеккендерге көмектесуде.

Су тасқынына қарсы күрес­те құтқарушылар, мерзімді қызмет сарбаздары, белсенді жастар және мыңдаған еріктілер армиясы білек сыбана әрекет етуде. Бөгеттер салынуда, кейбір өңірлерде ТЖ салдары жойылуда. Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді.

Ерлан КАНАЛИМОВ,

Астана қаласы

мәслихатының төрағасы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button