Жаңалықтар

Бұл той бұрынғылардан өзгерек

Болат МАЖАҒҰЛОВ, Астана қаласы Мәдениет басқармасының бастығы:

– Биылғы Наурыз тойының ерек­­­ше­­лігі қандай?
– Әр жылдың мерекесі өз жаңашыл­ды­ғымен ерекшеленетіні бар. Биылғы басты ерекшелік – еліміздің әр ай­­ма­ғынан келген өнерпаздар қа­ла тұр­­­­ғындарына мерекелік көңіл-күй­­ сыйламақ. Бұл күні Астанада 42 мерекелік іс-шара өтеді. Оның ішіне жер-жерлердегі бұқаралық са­­уықтар, концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, спектакльдер тағы басқалар кіреді. Мерекенің негізгі іс-шарасы 22 наурыз күні «Қазақ елі» монументінің алаңында өтеді. Онда сағат 10.00-ден кешкі 17.00-ге дейін театрландырылған қойылымдар және еліміздің әр аймағынан келген шығармашылық ұжымдардың мерекелік концерттері ұсынылады. 21 наурыз күні сағат 18.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында еліміздің әр облыстан келген өнер майталмандары гала концерт беретін болады.

– Концерттік бағдарламаларға тоқталып өтсеңіз…
– Жалпы, биылғы тойдың базарлығы көп. Атап айтсақ, Қызылорда облы­сы­нан «Дидар», «Дударай» этно-фоль­клорлық ансамбльдері, Пав­­ло­дар облысынан «Томирис», «Ми­­рас» вокалды тобы, «Әдемі» дуэ­­ті өнер көрсетеді. Сондай-ақ, Алматы облысынан «Айжан қыз» халықтық би ансамблі, Солтүстік Қазақстан облысынан «Арт-Думан» тобы келеді. Ал, Ақмола облысынан келетін «Көкшетау», «Он алты қыз» халықтық би ансамбльдері мен «Айнакөл» фольклорлық ансамблі, «Сұңқар» квартеті көрермендердің құлақ құрышын қандырмақ. «Айша бибі», «Ладушки» фольклорлық ансамбльдері, «Қоңыр», «Алаш ұлы» топтары Алматы қаласының атынан өнер көрсетеді. Сонымен қатар, концертте ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері – Ғазиза Жұмекенова, Әлмырза Ноғайбаев, Әбдірейім Өміров, Рамазан Стамға­зиев­тер болады. Одан бөлек, спорт алаң­­дарында «Қазақша күрес», «То­­ғыз құмалақ», «Бұқа тартудан» са­йыс­­тар ұйымдастырылады.

Орталық алаңда бұқаралық са­­уық­тар, мерекелік концерттер, көр­­ме­­лер, мерекелік сатылымдар ұйым­­дас­­ты­­рылады. Кешкі сағат 19.00-де «Қазақстан» Орталық концерт за­­лында Әлия Әбікенованың «Ән гәк­­куі» атты жеке концерті де көрермендерді тәнті етеді деп ойлаймын. Кешкі 18.00-ден 22.00-ге дейін орталық алаңда жастарға арналған би кеші өтеді. Оған Алтынай Жорабаева, Ақылбек Жеменей, Қайрат Нұртас, Маржан Арапбаева, «Алдаспан» тобы, тағы басқа өнер жұлдыздары қатысады. Шара соңында, яғни, сағат 22.00-де мерекелік от шашу болады. Бұл күні өтетін шаралардың барлығы қаланың мәдени ахуалының дамуы-на серпін береді деп айта аламын. Сондықтан келіңіздер, көріңіздер дегім келеді.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button