Бұқаралық спортты дамыту мақсатында скандинавиялық жүріс өтті
Елорданың Байқоңыр ауданындағы Ататүрк саябағында ерекше спорт түрі – скандинавиялық жүріс өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бұл шараның мақсаты – «Таза Қазақстан» акциясы тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Ашық аспан астында ұйымдастырылған шараға Байқоңыр ауданының ардагерлер қауымы бастаған барлығы 50-ге жуық адам қатысты.
«Бүгін ерекше спорт түріне қатысып отырмыз. Ауданымыздың зейнеткерлеріне ешқандай ауа райы кедергі емес. Қариялар ерекше қуанышты. Таза ауада мұндай шараның өткені біздің денсаулығымызға да өте пайдалы. Тағы болса қатысуға дайынбыз. Ардагерлер атынан алғыс айтамыз» – деді іс-шараға қатысушы, Байқоңыр ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Намазшамов.
Алдағы уақытта да аталған спорт түрін жыл сайын тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр.