Жаңалықтар

БҰҚАРАЛЫҚ ВЕЛОШЕРУ ШАҚЫРАДЫ

Астана қаласы әкімдігінің және Қазақстан велоспорт федерациясының ұйымдастыруымен 7 мамыр күні елордада велоспорт маусымы ашылып, осы шараның аясында  Жеңіс күніне арналған бұқаралық велошеру өткізіледі. 

ERA_9147

Ұйымдастырушылар бұ­қа­ралық велошеруге қа­ты­сушыларды таңертеңгі 8.00-де бастайды. Ал сағат 9.00-ден «Салтанат сарайы­нан» басталатын велошеру Қабанбай батыр даң­ғылының бойымен «Астана-Арена» алаңына дейін жал­ғасып, «Сарыарқа» рес­публикалық велотрегі аума­ғында мәресіне жетеді.
Шара барысында вело­прокат пункттері ұйым­дастырылып, шараға қа­тысушылар үш стансасы толық жасақталған «Астана Bike» велосипедтерін пайдалана алады.
Жаппай велосипед тебуге жиналған жұрттың ортасынан белгілі қазақстандық спортшылар да табылады. Солардың бірі Лондон Олимпиадасының чемпио­ны, «Astana Pro Team» вело­командасының бас менеджері Александр Винокуров аста­налықтарды велошеруге қа­тысып, ардагерлерге тағзым етуге үндеді.
Олай болса, Жеңіс күніне арналған бұқаралық велошеруге қатысып, майдангер ұрпақтың ерлігіне құрмет білдірейік, ағайын!

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button