Sport

…БҮРКІТ САЛҒАН ҚЫЗЫҚҚА БАТЫП АЛАР

11136249456_e122efed5f_bТомағасын сыпырып, қыранын қолынан аңға салатын қазақ қазір некен-саяқ екені рас. Десе де дербестігіміздің көк туы тұғырында беки түскелі, ұлттығымызды қайта жаңғыртудамыз. Құсбегілер сирек болса да, бар екен. Тұңғыш Президент күніне орай Астананың іргесіндегі «Балқарағай» демалыс­ орнында алғаш рет бүркітшілердің байрақты бәсекесі өтті. Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырған шараға «Самұрық-Қазына»­ ұлттық әл-ауқат­ қоры қолдау білдірген.

11136388803_df7581e01e_b

11136385643_6e408115a2_bАлыс-жақыннан алпыс құсбегі келді

Бүркітшілер фестивалі 28 қараша күні шымыл­ды­ғын ашып, үш күнге созылды. Құс баптаушылар мен ұйымдастырушылар алдымен баспасөз мәслихатына жиналды. Басқосуда бел­гілі болғандай, «Самұрық-Қазынадан» ұлттық спортты дамытуға 397 миллион теңге қаражат бөлінген. Бәсекеде ел құсбегілерімен бірге Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Испания, Австрия, Венгрия, Чехия, Словакия мемлекеттерінен алпыс бүркітші келген.

«Ежелгі аң аулау дәстүрін ел ішінде сақтау мақ­са­ты­мен спорт түріне айналдырдық. Мұны дамытуда  алғысын жаудырды. Ал, Испания мен Италия аңшылар ұйы­мы­ның бас менеджері Хуан Бернабе мұндай мерекені өткізу еуропалық елдердегі құспен аулау ісіне әуес жандар үшін маңызды екенін айтты.

 

Құсбегілердің қолөнері көрмеге қойылды

Фестивальдің екінші күні «Құсбегілік өнердің әлемдік интеграциядағы рөлі» атты ғылыми тәжі­ри­бе­лік кеңес өтті. Онда шет ел және ел ғалымдарының тың баяндамалары тыңдалды. Бұл шара аясында қазақ­стандық бүркітшілердің қолөнер бұйымдары көрмеге қойылды.

Басқосу бәсекемен жалғасты. Құсбегілер бабы келіскен қырандарын алғашқы сынға салды. Көкте еркін самғатып, қолға шақырды, қоян, қарсақ, шибөрі ілдірді. Әзірге мүдіргендері кемде-кем.

Делебелері қозып, қандары қызған қатысушылар алдында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірін­ші орынбасары Бауыржан Байбек сөз сөйледі. Ол тәу­ел­сіз­дік алғалы бері ұлттық спорт түрлеріне басым­дық берілгенін айтып, құсбегілерді мерекемен құттықтады. «Партия жуырда өткен съезінде жаңа саяси доктрина­ қабыл­дады. Онда ұлттық құндылықтарға, спорт түр­ле­рін дамытуға, әсіресе, төл мәдениет, руханият, отба­сы мәселелеріне ерекше назар аударылған» деді Б.Байбек.

 

Он үштегі Байрақ, сексендегі Қадыр һәм Мақпал

Алғашқы бәсекелерден еліміздің тәжірибелі бүр­кітшілері көш басынан көрінді. Мәселен, құсбегілер әуле­тінен шыққан Шалғас Ақынбеков «Балқарағайға» үш ұлын ерте келіпті. «Құсбегілік тек қариялар айналысатын кәсіп емес, жастардың да көңілі ауатын өнеріне айналса екен» деді бүркітші.

Шетінен «сен тұр, мен атайын» сайыс­кер­лер­дің арасында он үшке енді толған Байрақ Тастанбек те бар. Иығына Ақсұңқарын қондырған бала бүркітшінің сөзі ірі: «Мен – қыран баптаған қазақтың ұлымын. Баба кәсібін биіктету үшін, осы сында бақ сынаймын» деді. Үміткерлердің ең үлкені – Алматы облысынан келген сексен жастағы қария Қадыр Нұрымұлы. Мақпал Әбдіразақова есімді және жалғыз ару бар.

Тарихшы-этнограф Данияр Жексенбіұлының айтуынша, бүркітшілік болашақта бәсі биік спорттық бәсекенің қатарына енуі мүмкін. «Сақ, ғұн дәуірінде Күлтегін бабамыздың жауынгерлік дулығасына, ғұн әскерінің туына бүркіттің суреті бедерленген. Егемен еліміздің туындағы кереге қанатын жайған бүркіт бейнесі де жайдан-жай емес» дейді ол.

 

Қасқырдан тайқып кетті, қайран қыран!..

Шын сайыс үшінші күні өтті. Жарысқа түскен 48 бүркіттен түлкі аулағанда төртеуі ғана суырылып шықты. Енді қансонардың соңғы шарты – қасқыр алу. Алайда, қырандар сай беткейіндегі тайыншадай арланға таяп барып тайқып кеткені… «Әттеген-айлаған» жұрт аз емес, кәнігі құсбегілердің қынжылыс білдіргені шамалы. Жастар Нұрғалым ақсақалдан себебін сұрап, тықақтаған соң, былай жауап берді: «Бүркіттің қасқырға түсуі сирек болады. Әдетте, ұялас екі бүркітті қатар түсіріп қасқыр алған аталары­мыз.­ Моңғолияда қазір де солай алып жүргендер бар көрінеді. Ұялас бүркіттер көбіне бір-бірінен қыз­ған­бай­ды. Ал, мына бүркіттер өз әлдерін біледі. Жауының қаншалықты күшті екенін әсіресе аң-құстар адамнан жақсы сезеді».

Төрешілер төрт бүркіт те қасқырға түспеген соң,­ аз­ ай­ыр­ма­шы­лықтармен жеңісті саралады. Қоры­­тындыға көз жүгіртсек, бастапқы орындарды­ жер­­лес­­теріміз қанжығалапты. Бірінші жүлдені Ақбалақ бүркітімен Атырау облысынан келген Арман Қошқарбаев иеленсе, екінші тұғырға астаналық Күнтуған Тоқтыбайдың Нарын атты құсы қонған. Үшінші орынды моңғолиялық бүркітшілер Рсалы Нұрғайып пен Жарық Сайлау бөлісті.

Айтпақшы, бүркітшілер бәсекесін төрткүл дүниеге тарайтын «Discovery» телеарнасы түсіріп алды. Сонымен қатар, Австрия, Жапония, Түркия журналистері тамашалады.

 

Асхат РАЙҚҰЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button