Қоғам

«Бұрқасын-2025» қысқы фестивалі мәресіне жетті

Астанада Есіл өзенінің бойында дәстүрге айналған «Бұрқасын-2025» қысқы фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлады astana-akshamy.kz

Айтулы іс-шара 2024 жылы ауа райының күрт өзгеруіне байланысты өткен жоқ. Енді биыл бұқаралық шара қайта жалғасын тауып отыр. Жалпы «Бұрқасын» мерекесі сонау 2000 жылдан бері өткізіліп келеді. Алғашқыда 5 спорт түрі қамтылса, қазіргі сәтте оның саны артып, жылдан жылға спорттық дәстүр елорданың қысқы маусымының бір бөлігіне айналып келеді.

Ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит қатысты.

«Бұл іс-шара 24 жыл бойы Астанамыздың ажырамас бөлігіне айналып, салауатты өмір салтын насихаттау мен қысқы спорт түрлерін дамытуда ерекше орын алып келеді. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін! Қысқы спорттың қуанышын бірге бөлісейік, «Бұрқасын» фестивалі бәрімізге жарқын эмоциялар сыйласын!» – деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов.

Қысқы спорт фестиваліне 1000-ға жуық қатысушы тіркелді.

Фестиваль барысында қатысушылар 9 спорт түрі бойынша сынға түсті. Олар: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, белбеу күресі, арқан тарту, пималы хоккей, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button