Спорт

Бұрқасында бабын сынады

«Бұрқасын-2023» қысқы фестивалі 2000-ға жуық салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтың басын қосты. Астана қаласының әкімдігі қолдау білдірген спорт шарасын спорт басқармасы ұйымдастырды

Шараның ашылу салтанатына Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев және Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Әдеттегідей шаңғы жарысына қатысушы саны басым болды. 2021 жылы фестивальге белбеу және қол күресін қостық. Бағдарламаға енгізілген спорт түрлері қала тұрғындарының ұсынысы негізінде іріктелініп алынды. Бүгінгі фестиваль қатысушылар арасында қала тұрғындарынан бөлек, әскери бөлімшелер де бар. Әр спорт түріне тіркелген қатысушының жасы әртүрлі. Мысалы, шаңғы жарысына 3-4 жастағы балалар, гір спортына 16-18 жас аралығындағы азаматтар қатысты. Әр жас санаты үшін медальдар мен бағалы сыйлықтар берілді» деді Самат Жылқыбаев.

Фестиваль барысында қатысушылар 10 спорт түрі бойынша сынға түседі. Олар: шаңғы жарысы, гір көтеру, армрестлинг, белбеу күресі, арқан тарту, пималы хоккей, қар ату, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл спорттық фестиваль Астана қаласының тұрғындары мен жастары арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button