Мәдениет

«Бұрқасынның» қызығы коп…

Елордада өткен дәстүрлі «Бұрқасын-2025» фестиваліне 1000-ға жуық адам қатысты. Биыл 24-рет ұйымдастырылған қысқы спорт түрлері мерекесінде қатысушылар үшін 9 спорт түрінен сайыстар өтті. Әр жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы тағайындаған дипломмен, медальмен және сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ жарысқа қатысушылар мен жанкүйерлер үшін лоторея ойындары ұйымдастырылды.

Ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит қатысты.

«Сіздерді қысқы спорт мерекесі – «Бұрқасын» фес­тивалінде көргеніме қуаныш­тымын. Бұл іс-шара 24 жыл бойы Астанамыздың ажырамас бөлігіне айналып, салауатты өмір салтын насихаттау мен қысқы спорт түрлерін дамытуда ерекше орын алып келеді. Жарыс­ әділ әрі жоғары деңгейде өтетініне сенімім мол. Барша қатысушыға сәттілік тілеймін! Қысқы спорттың қуанышын бірге бөлісе­йік, «Бұрқасын» фестивалі бә­рімізге жарқын эмоция сыйласын!» деді Ерік Мейірханов.

Биыл 24-рет өтіп жатқан қысқы спорт фестиваліне 1000-ға жуық қатысушы тіркеліп, 9 спорт түрі бойынша сынға түсті.

«Бұқаралық спортты дамыту мақсатында көптеген іс-шараның өтетінін білемін. Бірақ дәл осы «Бұрқасын» қысқы ­фестивалінің орны бөлек деп айтып жатады. Сондықтан арнайы келуді жөн көрдім. Тек көрермен ретінде ғана емес, қол күресінен өзімнің күшімді тексеріп көрмекшімін. Алған эмоциям керемет! Демалыс күнім сәтті өтті деп айтуға толық негіз бар» деді өз эмоциясымен бөліскен Данияр Әлтенов.

Іс-шара соңында әр жас тобындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломмен, медальмен және бағалы сыйлық­тармен марапатталды. Сондай-ақ барша қатысушылар арасында лотерея ойнатылып, түрлі естелік сыйлық табыс­талды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button