Елорда тынысы

БҰҰ конференциясына ұсыныстар әзірленді

Астанада Қазақстандағы климаттың өзгеруі бойынша «LCOY Kazakhstan-2024» жергілікті жастар конференциясы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл алаң климаттың өзгеруі және экологиялық проблемаларға бейімделу мәселелері бойынша ұсыныстарды талқылау және әзірлеу үшін жасалған, мұнда жастардың пікірі шешуші рөл атқарады.

Талқылауларға сарапшылар, саясаткерлер және экологиялық белсенділер де қатысты.

Конференцияның негізгі тақырыптары: «Қазақстандағы климаттың өзгеруі», «Климат өзгеруінің су секторына әсерін бағалау», «Климаттың өзгеруіне бейімделу үшін жергілікті шешімдер», «Қазақстандағы жасыл, тұрақты және заманауи энергетиканы жаппай енгізу мен қолданудың маңызы, болашақ перспективалары».

LCOY Kazakhstan 2024 нәтижесі ретінде Қазақстан жастарының ұсыныстарымен баяндама дайындалады, ол Бакуде өтетін ХХVIII БҰҰ климаттың өзгеруі конференциясында ұсынылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button