Құқық

Бұзақыға бұғау бар

Елбасы елорданың атына заты сай болуы үшін ондағы қоғамдық тәртіп мәселесі үнемі назарда тұруы қажеттігін, осыған орай құқық қорғау органдарына ұсақ қылмыс­тардың алдын алып отыруды, бұл мәселеге барынша жіті қарауды тапсырған болатын.

[smartslider3 slider=1385]

Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету – құқық қорғау органдары қызметін бағалаудың негізгі өлшемі, билік органдарына деген азаматтар сенімінің маңызды шарты. Әсіресе, бас қаланың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс. Қала тұрғындарына қауіп төндіретін теріс әрекеттердің үлкен-кішісі болмайды. Жай ғана жол үстінде болған жаппай төбелестің өзі өлім-жітімге соқтыруы әбден мүмкін. Мәселен, жақында елордада сондай тәртіпсіздік тудырған топ ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Түнгі сағат 2.42-де «102-ге» Ш.Құдайбердіұлы даңғылында төбелес болғаны туралы қоңырау түскен. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар түнгі уақытта кафе-бардан шығып, кейін төбелес­кені анықталды. Аталған фактіге сәйкес «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті қатаң бұзғаны үшін, айналасындағыларға құрметсіздік танытқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button