Ел тынысы

Былтыр Қазақстанда 963 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Ұлттық жобалар шеңберінде 265,1 мың азамат жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 198 мыңнан астамы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жіберілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

«Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы аясында 382,4 мың адам, жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына – 316 мың адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтылған азаматтардың 50%-дан астамы 35 жасқа дейінгі жастар», – деді вице-министр.

Өңірлер бөлінісінде жұмысқа орналастырылған азаматтардың 52%-ы Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларына тиесілі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button