МәслихатЭкономика

БЮДЖЕТ ӨЗГЕРІСТЕРІ БЕКІТІЛДІ

img1071

Қалалық мәслихаттың 44-ші кезектен тыс сессия­сында Астананың 2014-2016 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселе талқыланды.

Осыған орай, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ж.Нұрпейісов Бюджет ко­дексіне 2014 жылғы 4 тамызда енгі­зілген өзгерістерге сәйкес, республикалық бюджеттің нақтылануы кезінде жергілікті дең­гейде түзету кіргізіліп, биылғы республикалық бюд­жеттің нақтылануы қала бюд­жетінің түзетілуімен қабыл­данғанын жеткізді.

Басқарма басшысының айтуынша, қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің өсу серпіні бюджеттің кіріс бө­лігінің атқарылуына оңтайлы әсер етті. Осыған байланысты Астана қаласы бюджетінің кіріс бөлігі 2,8 млрд теңгеге ұлғайды. Өткізілген мониторингке сәйкес, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстары бо­йынша қаражатты қайта бөлу ұсынылды.

– Осылайша, 2014 жылдың қаңтар-қазанында қала бюд­жетіне 129 645 789 мың теңге түсті, өткен жылдың тиісті ке­зеңі­мен салыстырғанда түсім 19 876 710 мың теңгеге ұл­ғайды, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша нақты түсім 113 661 571,0 мың теңгені құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тү­сімдер 18 789 406,0 мың тең­­геге ұлғайды, – деді Ж.Нұр­пейісов.

Бас қаланың Алматы ауда­нының шығыстарына 200 млн теңге қарастырылды, оның 25 млн теңгесі аудан аумағындағы елдi мекендердiң көшелерiн жарықтандыруға және 175 млн теңгесі тазалық жұмыстарын қамтамасыз етуге жұмсалмақшы. Сонымен бірге, Сарыарқа ауданына 250 млн және Есіл ауданына 350 млн теңге қарастыру көзделген.

Одан әрі елорданың Энергетика, Құрылыс, Коммуналдық шаруашылық, Табиғи ресурс­тар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларына қосымша қаржы бөлінгенін, бұл қаражат білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мә­дениет салаларындағы кезек күттірмейтін бірқатар мін­­дет­терді шешуге бағыт­та­ла­тынын айта келе, Жанат Ғазиз­ұлы, сондай-ақ, жол қоз­ға­лысы қауіпсіздігін қамта­масыз ету үшін көлік инфра­құ­ры­лы­мын дамытуға және жаңа ав­то­бустар сатып алуға, тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық саласын дамытуға да қа­ра­жат қарастырылғанын, ол қа­ланың тазалығына, аулаларды абаттандыру мен көшелерді жарықтандыруға жіберілетінін жеткізді.

Қалалық мәслихаттың депу­таттары Астана қаласының 2014 жылғы бюджетіне енгі­зілген өзгерістерді бірауыз­дан бекітті.

Сессия барысында мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға байланысты жер учас­ке­лерін немесе жылжымайтын өз­ге мүліктерді  сатып алу туралы шарттардың  жобалары келісілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button