Денсаулық

CALL-ОРТАЛЫҚТЫҢ КӨМЕГІ КӨП

Денсаулық сақтау саласы әлеуметпен тікелей байланысты болғандықтан арыз-шағым болмай тұрмайды. Осыны ескерген қала әкімдігі елордадағы №10 қалалық емхана базасында бірыңғай ақпараттық медициналық Call-орталықты іске қосуды жоспарлап отыр.

«Смарт-Астана» жобасы шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтің елордалықтарға көмегі көп болмақ. Кез келген тұрғын осы орталыққа хабарласып, көкейіндегі сауалын қоя алады немесе қандай да бір ұсыныс-тілегі болса, жеткізе алады. Cаll-орталыққа келіп түскен арыз-шағымдардың ешқайсысы ескерусіз қалмайды. Арнайы комиссия құрылып, мәселе дер кезінде шешілетін болады.

Денсаулық сақтау басқармасының мәлі­меті бойынша, егер компьютерлік және инновациялық бағ­дарламалар дер кезінде жасалып бітсе, онда ақпараттық медициналық орталық биылғы жарты жылдың ішінде іске қосылмақ.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button