Басты ақпарат
-
Президенттік шырша шуағы
Жаңа жыл – жаңа арман, жаңа үміттің басы, жақсылықтар мен жаңалықтардың жаршысы. Жыл сайынғы дәстүр бойынша елордадағы Президенттік орталықта Қазақстан Республикасы Президенті мен Астана қаласы әкімдігінің атынан балаларға арналған жаңа жылдық Президенттік шырша мерекесі өтті. Жас жүректің лүпіліне жылу ұялатқан мереке бүлдіршіндердің езуіне күлкі, жүзіне қуаныш сыйлады. Шын мәнінде, көшпенділер санасында мәңгіліктің ағашы саналатын, ұлттар мен ұлыстарға ортақ осы бір…
Жалғасын оқу -
Жауһар жырды жүрегінде тербеген
Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай «Жауһар жырды жүрегінде тербеген» атты еске алу іс-шарасы өтті. Сарыарқа ауданының әкімі Бауыржан Ералы сәлемін жолдап, Фариза ақынның шығармашылығы арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу, қазақ поэзиясын дәріптеу бағытында ұйымдастырылған бұл іс-шараның үлкен мән-маңызын атап өтті. Ұйымдастырушыларға…
Жалғасын оқу -
Ақмолада құрылған дивизиялардың ақиқаты қандай?
Адамзат баласы тарихындағы ең ауқымды соғыс саналатын Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталуына қазақстандықтардың қосқан үлесі туралы ой қозғағанда, әңгімемізді әуелі архив қорларында сақтаулы тарихи құжаттар мен нақты дерек-дәйектерге сүйене отырып өрбітсек, айтар сөзіміз ақиқаттан алшақтамай, туралықтан тайсақтамай, көкейдегі көп сауалға жауап табылары анық. Тарихи деректер тек Қазақстанның өзінен майданға шамамен жалпы 1300000 жауынгер аттанып, мұның жартысына жуығы туған жерге қайтып…
Жалғасын оқу -
Балаларды сыйлықпен қуантты
Аудан әкімдіктері Жаңа жыл қарсаңында елорданың жас тұрғындарына арнап шырша мерекесін өткізді. Осыған орай, Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің дәстүрлі жаңа жылдық шыршасы ерекше көңіл күйде өтті. Аталған іс-шараға 500-ден астам бала қатысып, олардың әрқайсысына жаңа жылдық сыйлық табысталды. Аудан әкімі Дәрменияр Қыдырбекұлы балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жарқын болашақ пен сәттілік тіледі. Іс-шарада балалар үшін түрлі ойын, қойылым,…
Жалғасын оқу -
Алда ауқымды міндеттер тұр
Астана қаласы мәслихатының VІІІ шақырылым депутаттары жыл бойы белсенді жұмыс істеп, елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына, қалаға қатысты маңызды құжаттардың қабылдануына үлкен үлес қосты. Қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимовтың айтуынша, биылғы жыл өте нәтижелі болды. Жыл басынан бері 16 сессия, бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 7 отырысы, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 13…
Жалғасын оқу -
Қазақы тақырыптағы қойылым
Ауыл мен қала балалары. Бүгінде екеуі екі бөлек әлемге айналды. Асфальтта өскен ұрпақ ана тілінің уызына жарымай, бойларын еркіндік билеп, жат мәдениеттің ықпалына жығылды. Ауыл балалары, керісінше қазақы тәрбие көріп, көп жағдайда ұяңдық танытып, қарапайым қалпын сақтайды. Көрнекті жазушы, драматург Тахауи Ахтанов бұл мәселені осыдан жарты ғасырға жуық уақыт бұрын көтерді. Қаламгердің 1976 жылы жарық көрген «Күшік күйеу» комедиясында ауыл…
Жалғасын оқу -
«Таза Қазақстан» миллиондарды біріктірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы сәуір айынан бастап республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Іс-шара еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениеті деңгейін арттыруға және азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған. Акция еліміздің барлық өңірін қамтып, тұрақты экологиялық болашақ негізін қалады. Осы жылдың наурыз-қараша айлары аралығында ұйымдастырылған акция 5,83 млн-нан астам адамның басын біріктірді, бұл ел халқының…
Жалғасын оқу -
Бала тәрбиелеу – еңбек әрі борыш
Орыс жазушысы Федор Достоевскийдің бұл аталы сөзі қазіргі таңда айрықша маңызға ие. Өйткен себебі, білім беру мен тәрбие беру қатар жүргенде ғана көзі ашық, көкірегі ояу оқушылар көбейеді. Осы орайда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының атқаратын рөлі зор. Осы бағдарлама аясында алты негізгі құндылықты білім алушыларға насихаттап қана қоймай, санасына сіңіруіне мұғалімдер қауымы қал-қадерінше еңбектеніп жүр. Әр қазақ баласы өз ұлтының салт-дәстүрі,…
Жалғасын оқу -
Басқа бәле – тілден
Facebook – басқа әлеуметтік желілермен салыстырғанда өте ықпалды, қазақ қоғамының айтары бар, қызыл сөзге таласы бар «белсенділердің» басын құрайтын желі десек артық айтпағанымыз. Аталмыш әлемжелінің қазақстандық сегментіндегі трендсеттер ағылшынша, «Trendsetter», яғни трендті бастайтындар, пікірді қалыптастыратындар, қазақша айтқанда, «аузы дуалылар» осында отырады. Осы ортаға түскен жаңалық жерде жатпайды, бірінен бірі іліп әкетіп, кейде түймедей нәрсені түйедей етіп, кейде болмайтын нәрсені тоқтамас…
Жалғасын оқу -
Ерекше қажеттілігі бар жандарды қалай қорғаймыз?
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ерекше қажеттілігі бар (мүгедектігі) жандарды әлеуметтік қорғау мәселелері қаралды. Құзырлы министрлер мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, медициналық көмек көрсету, оқыту және олар үшін кедергісіз орта құру мәселелері туралы баяндады. Қанша адам көмекке мұқтаж? Қазақстанда барлығы 732 мың ерекше қажеттілігі бар адам тіркелген. Үкімет азаматтардың осы санатын қолдау және жайлы кедергісіз ортаны қалыптастыру жөніндегі…
Жалғасын оқу