Мәдениет

  • Өзекті мәселелерді қозғаған

    Елордадағы М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Шығыс Қазақстан облысындағы Ассамблея жастары ұйымының жанындағы «Teatr-ALL» театрының «Qutqar meni» атты психологиялық драмаcы қойылды. Қойылым Шығыс Қазақстан облысынан бастау алатын «Birligimiz jarasqan» республикалық жобасы аясында ұсынылды.      2023 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Ассамблея жастары ұйымы белсенділерінің бастамасымен құрылған театр қысқа мерзім ішінде жастардың рухани, мәдени және әлеуметтік дамуына ықпал ететін маңызды шығармашылық…

    Жалғасын оқу
  • «Карнеги-холлда» қазақ әндері әуеледі

    АҚШ-тың атақты «Карнеги-холлында» қазақ әндері асқақтады. Әлемге әйгілі концерт залында өткен «Global Artists Debut Concert» кешіне арнайы шақырылған дарынды әнші Гүлзар Габдрахман халық әні «Әгугай» мен көрнекті композитор Садық Керімбаевтың «Ақерке» туындысын әуелетті. Гүлзар Нью-Йорктегі «Карнеги-холл» сахнасына алғаш рет шықпады. Үш жыл бұрын Viva Music Carnegie Hall байқауына Қазақстан атынан қатысып, бірінші орынды иеленді. Сонда дәл осы сахнада ән шырқаған…

    Жалғасын оқу
  • «Алаштың асқан тәңірі Абай»

    Елорданың «Жастар» театрында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Өлең – сөздің патшасы» атты әдеби-сазды кеш өтті. Ұлы Абайдың рухани мұрасын дәріптеу, қазақ өлеңінің құдіретін насихаттау, жас ұрпаққа рухани құндылықтарды сіңіру мақсатында кешті Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалы ұйымдастырды. Поэзия салтанатының тізгінін ұстаған аталмыш филиал директоры,…

    Жалғасын оқу
  • “Гауһартастың” қаһарманы

    Ернар Мұхамбетті студент күнімнен білемін. Қазіргі К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне бір жылы түсіп, бір жылы бітірдік. Студент күніндегі бейнелері көз алдымда. Ал театрдағы кейіпкерлеріне келсек, ол – өз алдына ерекше әлем. Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры ашылған күннен бастап қызмет етіп, сахнаға адалдағынан айнымайды. Әр рөліне ерекше қызығушылық пен дайындықпен келеді. Ал Дулат Исабековтің «Гауһартас» музыкалық…

    Жалғасын оқу
  • Көпшілікті қызықтырған қымыз мерекесі

    Елорданың «Қазанат» атшабарында екі күн бойы «BaiQymyz – бапталған қымыз» ұлттық тағамдар гастрофестивалі өтті. Іс-шара ұлттық сусынның пайдасын паш етіп қана қоймай, қазақтың мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін дәріптеген этнографиялық мерекеге айналды. Аталған фестиваль халқымыздың дәстүрлі тағам мәдениетін, оның ішінде қымыз өндіру дәстүрін жаңғырту мен халықаралық деңгейге шығаруға бағытталды. Мұны болашақта Октоберфест сияқты халықаралық үлгідегі мәдени-­аграрлық брендке айналдыру көзделіп отыр. Қонақтар…

    Жалғасын оқу
  • Үздік актер атанды

    Жуырда елорданың «Жастар» театрының актері Бахыт Қажыбаев Қытайдың Чунцин қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің халықаралық кинофестиваліне қатысып, «Набат операциясы» көркем фильміндегі басты рөлі үшін «Үздік актер» аталымын жеңіп алды. Шынайы оқиға желі­сімен түсірілген бұл фильм Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілді. Фильмнің қоюшы режиссері – Рашид Сүлейменов.…

    Жалғасын оқу
  • Музейге еңбегі сіңгендер көрмесі

    Елордадағы Сәкен Сейфуллин музейінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Ер дәулеті – еңбек» атты фотокөрме қойылды. Көрме көрерменге музей қызметінің көп қырлы табиғатын танытып қана қоймай, осы салада ұзақ жыл адал еңбек еткен жандардың үлгілі жолын жастарға өнеге етуді мақсат етті. Соның ішінде ұлт руханияты мен мәдени мұрасын сақтау жолында қажырлы еңбек еткен музей қызметкерлерінің еңбегін құрметтеуге арналды. Олардың қатарында Молдахмет…

    Жалғасын оқу
  • Сеулде халықаралық спектакльге қатысты

    Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен «Париждегі екі әйел» атты халықаралық спектакльдің премьерасына елордалық актерлер де қатысты.  Аталған қойылым – үш елдің (Оңтүстік Корея, Қазақстан және Ресей) бірлескен жобасы, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 2025 жылдың қаңтар айында Оңтүстік Кореяның PIAC (ПИАК) театр компаниясының арт-директоры және өкілі, режиссер Ра Джин-Хван мырза «Париждегі екі әйел» спектакліне кастинг өткізу мақсатында Астана қаласына іссапармен келді. Кастинг…

    Жалғасын оқу
  • «Опералияны» «Турандот» түйіндеді

    «Астана Опера» театрында екі айға жуық уақытқа созылған «Опералия-2025» халықаралық музыкалық фестивалі Дж.Пуччинидің «Турандот» операсымен түйінделді. Қойылымның дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, театрдың бас дирижері әрі бұл спектакльдің қоюшы-дирижері Алан Бөрібаев. Оның жетекшілігімен «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен хоры керемет қуат пен эмоциялық тереңдікті шебер жеткізіп, көпшілікке ұмытылмас әсер сыйлады. Тұрандот ханшайымның бас­ты партиясын театрдың…

    Жалғасын оқу
  • Есірткіден аулақ бол!

    «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында жеңіл атлетикалық жүгіруден жарыс өтті. Мегаполис тұрғындарының басын қосатын танымал әрі қолжетімді спорт түрі саналатын жүгірудің осы жолғы басты ерекшелігі – қатысушылардың жаңа бағдар бойынша бақ сынауы. 4 шақырымдық қашықтыққа жалғасқан жүгіру Кенесары хан ескерткішінің алдынан басталып, Ырыскелді қажы мешітінің жанында мәресіне жетті. – «Астана – есірткісіз қала» ұранымен кезекті жүгіру жарысын ұйымдастырдық. Бұл…

    Жалғасын оқу
Back to top button