Мәдениет

  • Ел кітапханаларында «Кітапхана түні» акциясы өтеді

    Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған кітап апталығы аясында бүгін ел кітапханаларында «Кітапхана түні» акциясы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Кітап апталығының бесінші күнінде кітапханаларда квест-ойындар, вернисаждар, зияткерлік сайыстар, шығармашылық кездесулер, поэзия кештері мен түрлі интерактивті бағдарламалар ұсынылады. Атап айтқанда, Алматы қаласында «Айқас» зияткерлік ойыны ұйымдастырылады. Астанада «Кітапханадағы түнгі vibe» бағдарламасын өткізу жоспарланған. Батыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарлама ұсынылады.…

    Жалғасын оқу
  • “Ұлттық кітап” күні қарсаңында көрнекті ғалыммен тағылымды кездесу өтті

    №82 “Дарын” мамандандырылған мектеп-лицейінде  көрнекті ғалым, профессор, тарих ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Көркем Академиясының академигі, С.Сейфуллин атындағы музейдің директоры Марат  Оралбайұлы Әбсеметовпен тағылымы мол кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және “Ұлттық кітап” күні қарсаңында “Балалар әдебиеті-рухани тәрбие бастауы” онкүндігі барысында өткен кездесу барысында оқушылар қонақтың өмір жолы, ғылыми еңбектері мен жетістіктері туралы тың…

    Жалғасын оқу
  • Шығыс Қазақстандық театр өнері – Астанада

    Астана қаласына гастрольдік сапармен келген ШҚО драма және оперетта театры алғаш рет елорда төріндегі ұлттық театрда өнер көрсетті. Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры сахнасында талантты актерлер құрамы көрермен назарына жарқын музыкалық «Mamma Mia!» спектаклін ұсынды. Театрдың оперетта труппасы небәрі екі жыл бұрын құрылғанына қарамастан аз уақыт ішінде жергілікті көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, өңірдің мәдени өмірінде өзіндік орны…

    Жалғасын оқу
  • Қазақ халқының мақтанышы

    Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының Әбдіжәміл Нұрпейісов атындағы оқу залында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен көрнекті композитор, дирижёр, музыка зерттеушісі, Қазақстанның халық әртісі, академик Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Ахмет Жұбанов – қазақ халқының мақтанышы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шараға мәдениет және өнер қайраткерлері, күй зерттеушілері, кітапхана қызметкерлері мен студенттер қатысты. Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының басшысы…

    Жалғасын оқу
  • Ғұн бабаларды күйге қосты

    Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ оркестрінің ұйымдастыруымен күйші-композитор, К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тұрар Әліпбаевтың «Ғұн бабалар» атты шығармашылық кеші өтті. Тұрар Әліпбаев – елімізге кеңінен танымал күйшілердің бірі. Ол бұл кешті Дина Нұрпейісованың – 165, Ахмет Жұбановтың – 120 және өзінің ұстазы Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдықтарына арнады. Күйшінің репертуарында қазақтың әртүрлі…

    Жалғасын оқу
  • Оқу ордасындағы өнер салтанаты

    Қазақ ұлттық өнер университетіне қазақ опера өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық әртісі Күләш Байсейітова есімінің берілуіне орай оқу орнында бірнеше күн бойы жалғасқан бірқатар салтанатты іс-шаралар өтті. Бұл іс-шаралар «Университет күндері» атауын иеленіп, алғашқы күні Күләш Байсейітованың портретін салудан ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Атақты опера әншісінің мемориалдық аймағының тұсаукесері өтіп, оған байқауда топ жарған картина ілінді. «Кино және ТВ…

    Жалғасын оқу
  • Атажұртта жаңғырған жоба

    Қазақ мәдениеті мен өнеріне өзіндік үлес қосып, отандық өнер жұлдыздарының шығармаларын Шыңжаң өңірінде кеңінен насихаттаған, Қытайдағы қазақтар арасында ширек ғасырдан астам танымал болған «Жаңа әуен» жобасы Қазақстанда қайта жанданбақ. Соның нақты дәлелі – 20 сәуір күні Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында өтетін «Атажұртта жаңа әуен» кеші. Бұл – «Жаңа әуен» компаниясының елдегі алғашқы ірі жобасы. Жоба…

    Жалғасын оқу
  • Саз бен сөз тоғысқан кеш

    Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерт ұйымының сахнасында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің туғанына 80 жыл толуына арналған «Атамекен-ай» атты шығармашылық кеші болып өтті. Әртістерге көрсетілген ерекше құрмет белгісі ретінде Қазақстан Президенті Қасым-­Жомарт Тоқаевтың атынан ықылас гүлі табысталды. Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Премьер-­министрдің орынбасары – ­Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау…

    Жалғасын оқу
  • Көрермен көзқарасы қымбат

    Театр – тәрбие ошағы. Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының тыныс-тіршілігін білу мақсатында ұжым директоры Ербол Хабылбековпен тілдескен едік. Сол сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. – Сіз үшін табысты спектакльдің негізгі өлшемі не: көрермен саны ма, сыншылар бағасы ма, әлде уақыт сынынан өтуі ме? – Мен үшін сыншылардың бағасы, көрермендердің көзқарасы да қымбат. Дәлірек айтқанда, театр тірі организм ғой,…

    Жалғасын оқу
  • Ақынды ардақтады

    Астана қаласының Мемлекеттік архивінде көрнекті ақын, драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тұрғынбекұлының 80 жас мерейтойына орай «Ешкім бөліп алмайды ақынды елден…» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Архив тек қана мемлекеттік мекемелердің ғана емес, елге еңбегі сіңген көрнек­ті тұлғалардың да құжаттарын жинаумен айналысады. Сондай еліне елеулі, халқына қалаулы азаматтардың бірі – Серік Тұрғынбекұлы. Елорда архивінде…

    Жалғасын оқу
Back to top button