Мәдениет
-
Адамзаттың ұстазы
Ұлттық музейде Әбу Насыр әл-Фарабидың туғанына 1155 жыл толуына орай «Адамзаттың ұстазы» тақырыбында музейлік дәріс өтті. Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы және Ақмола облысы Қосшы қаласы мектеп-гимназиясының оқушылары қатысқан іс-шараның мақсаты – ғұламаның өмірбаянын шығармаларына негіздей отырып талдау арқылы оның тұлғасын тану, ғылым дамуына қосқан үлесін, оның музыка теориясымен және орта ғасырлардағы музыкалық аспаптар тарихымен таныстыру. Л.Гумилев атындағы Еуразия…
Жалғасын оқу -
Ұлы ақынды ұлықтаған байқау
Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №6 көпшілік кітапханасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай – ұлы тұлға» поэзия байқауы өтті. Байқауға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Binom мектеп-лицейінің оқушылары қатысты. Қатысушылар ақынның өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқып, өз шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Қазылар алқасының құрамындағы Amanat партиясы Астана қалалық филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Әбдіғани Бәзілхан, Amanat партиясы Астана қалалық филиалының…
Жалғасын оқу -
Абай мектебіндегі ән мен күй
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның қазақ оркестрі Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназияда «Асыл мұра» атты лекция-концерт өткізді. Лекция-концертті бастан-аяқ аталмыш оркестр дирижері, ҚР Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов жүргізіп, әр шығарманың тарихына тоқталып, маңызына үңілді. Өнерлі ұжым Абай мектебіне аяқ басып отырған соң, кешті Абайдың «Торы жорға» күйімен бастап, Абай әндерін шырқады. Құрманғазының «Адай», Дина Нұрпейісованың «Әсем қоңыр» күйлері…
Жалғасын оқу -
Әлем билері сахналанды
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында талантты биші, «Гүлдер» ансамблінің әртісі, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Іңкәр Айдарханқызының жеке концерті өтті. Концерттік бағдарламада қазақ ұлттық және әлем халықтарының билері, заманауи хореографиялық шығармалар, сондай-ақ Қазақстанның жетекші хореографтарымен бірлесе әзірленген эксклюзивті және жаңа қойылымдар ұсынылды. Атап айтқанда, «Тоқымқағар», «Желдірме», «Былқылдақ», «Ақ жауын», «Алтынай», «Тибет биі» және т.б. билер орындалды. Іс-шараға…
Жалғасын оқу -
Итальян әндері әуеледі
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында Қ.Жұмакенов атындағы үрлемелі оркестр «Gelato Con Caffe» атты концерт қойды. Концертте әйгілі неаполитан әндері, итальян эстрадасының танымал хиттері, сондай-ақ Эннио Морриконе мен Нино Рота сияқты итальян композиторларының кинотуындылары орындалды. Осылайша көрермендер итальян әндерін филармонияның солистері мен үрлемелі оркестрінің және Алтынбек Арыстанбек, Ринат Нұрмұхан, Әкімхан Маженов, Ақбота Құснадин, Құралай Мейрамбек, Бақдәулет Жақыпов, Әнел Смаилова,…
Жалғасын оқу -
Мектептегі мереке
Астанадағы №73 мектеп-лицейінде «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс өтті. Сайысқа жалпы 100-ден аса мектеп оқушысы қатысты. Ұйымдастырушылар бұл спорттық сайыс аталған мектептің 3-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында өткізіліп жатқанын айтып, осы іс-шара арқылы отбасы құндылықтарын нығайтуды басты мақсат еткендерін айтады. «Бұл сайыс мектебімізде жылда дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Отбасы құндылықтарын дәріптейтін бұл іс-шара оқушы, ұстаз, ата-ана…
Жалғасын оқу -
Оқырманын сусындатқан «Ғұмырдария»
Кеше Астанадағы Достық үйінде қоғам қайраткері, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Ерсұлтан Бектұрғановтың «Ғұмырдария» кітабының тұсауы кесілді. «Фолиант» баспасынан жарық көрген, естелік-эссе түрінде жазылған бұл кітапта автор балалық шағынан қазірге дейінгі ғұмыр жолындағы елеулі оқиғаларды баяндап, өмірлік тәжірибесімен бөліседі. Сондай-ақ адам бойындағы басты қасиеттер – адалдық, еңбексүйгіштік пен кішіпейілділікті басты құндылық ретінде көрсетіп, оқырмандарды кездескен қиындықтарды жеңіп, қашанда жақсылық жасауға…
Жалғасын оқу -
Жанқожа батырдың қылышы музейге тапсырылды
Парламент Мәжілісінің депутаттары Ардақ Назаров пен Айдарбек Қожаназаров Ұлттық музей қорына қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының қылышын тапсырды. Құнды жәдігерді аталмыш музей директорының міндетін атқарушы Берік Әбдіғалиұлы салтанатты жағдайда қабылдап алды. «Ұлттық музейдің негізгі миссиясы – тарихи жәдігерлерді жинау, толықтыру, халыққа жеткізу, сақтау. Жанашыр азаматтардың қолдауымен сыртқа кеткен кұнды жәдігерлерді елге қайтару, халықпен табыстыру жұмысы музейде жолға қойылған. Бізде біраз сондай…
Жалғасын оқу -
Күй анасына арналды
1955 жылдың 31 қаңтарында 94 жасқа қараған шағында күй анасы Дина Нұрпейісова фәниден бақиға көшті. Кеше тарихи тұлғаның өмірден өтуіне 70 жыл толуына орай Астанадағы ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның камералық залында «Күй анасы – Дина» еске алу кеші өтті. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Күй анасы» республикалық қоғамдық қоры ұйымдастырған алғашқы іс-шараға қоғам және өнер…
Жалғасын оқу -
Самал сыйлық алды
Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының жетекші актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Самал Еслямова Ресейдің «Ақ піл-2024» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды. Аталмыш сыйлықты РФ киносыншылары, киножурналистері және кинотанушылары тағайындаған. Канн кинофестиваліндегі жеңісі арқылы танылған Самал Еслямова «Әке сенбі күні қайтыс болды» фильміндегі рөлі үшін «Екінші пландағы үздік актриса» аталымында топ жарды. Бұл кинотуынды режиссері – Ресейге қоныс аударған қазақ…
Жалғасын оқу