Мәдениет

  • Қазанғаптың күйлері күмбірледі

    «Қазақстан» орталық концерт залында күйші-композитор, Мәдениет қайраткері, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының күйшісі Еділ Басығараевтың «Күй шақырғыш» атты жеке концерті өтті. Дәулескер күйші, ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбай жүргізген концерт күйші Қазанғап Тілепбергенұлының 170 жылдығына арналды. Кеш иесі де Қазанғап мектебінің өкілі, оның күйлерінің бірден-бір насихатшысы. Концерттік бағдарлама да негізінен Қазанғаптың күйлерінен құрылды. Күй кешінде оның нотаға түспеген…

    Жалғасын оқу
  • Қазақ қызына құрмет

    «Нұрикамал» әнінің тарихын білмейтін адам жоқтың қасы. Бұл ән желісімен Алматы және Көкшетау театрлары жан тебірентерлік қойылым қойғанынан хабардармыз. Астанада режиссер Ернат Бай­ұзақтың «Нұрикамал» романтикалық драмаға құрылған фильмнің жабық көрсетілімі айрықша леппен, керемет аншлагпен өтті. Киноны көруге келгендердің қарасы қалың болды. Фильмге демеушілік жасаған – кәсіпкер, бас продюсері Жандос Божаев. Жан тебірентер әуезді әннің күллі халықтың көкейіне ұялауында не құдірет…

    Жалғасын оқу
  • Қазақ киносындағы Нурикамал бейнесі

    «Нурикамал» әнінің тарихын білмейтін адам жан жоқтың қасы. Нурикамал әнінің желісімен Алматы театры, Көкшетау театры  жан тебірентерлік қойылым қойғанынан хабардармыз. Астанада режиссер Ернат Байұзақтың «Нұрикамал» романтикалық драмаға құрылған фильмнің жабық көрсетілімі айрықша леппен, керемет аншлагпен өтті. Киноның көруге келгендердің қарасы қалың болды, арасында зиялы қауым өкілдері, танымал актерлар, журналистер, тележүргізушілер, депутаттар, жастар, бизнес өкілдері көптеп келді.Фильмге демеушілік жасаған кәсіпкер, бас…

    Жалғасын оқу
  • Айтыс жеңімпазы ­тегін оқиды

    Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйым­дастыруымен мектеп оқушылары арасында ­«Егемендігім – елдігім» атты республикалық «Қола домбыра-2024» жас ақындар айтысы өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған дүбірлі додаға республика бойынша 22 ақын қатысып, бақ сынасты. Суырып-салма өнерді қолдау үшін Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Аманжол Әлтаев арнайы…

    Жалғасын оқу
  • Сырлы саз шалқыды

    Жуырда Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ оркестрінің қатысуымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Абылай Тілепбергеннің «Сырлы саз» атты жеке концерті өтті. Аталған іс-шара оркестрдің 90 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр. Кеш барысында Құрманғазы, Дәулеткерей, Есір, Махамбет, Дина сынды ұлы күйшілеріміздің таңдаулы шығармалары орындалды. Сонымен қатар…

    Жалғасын оқу
  • Ғасырларды сөйлеткен композитор

    Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академия­лық филармонияның концерт залында көрнекті композитор, Қаз КСР және КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығына арналған «Ғасырлар үні» атты концерт өтті. Қазақстан композиторлық мектебінің негізін қалаушыларының бірі саналатын композитор мұрасы музыкалық өнердің көптеген жанрын қамтиды. Соның ішінде опералар, симфониялар, ораториялар, концерттер, әндер, романстар, хорлар, драмалық қойылымдарға арналған музыка, т. б. бар. Сыдық Мұхамеджанов…

    Жалғасын оқу
  • Қылқалам шеберінің «Уақыт айнасы»

    Ұлттық музейде белгілі қылқалам шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Татарстанның Халық суретшісі Камиль Муллашевтың «Уақыт айнасы» атты мерейтойлық көрмесі ашылды. Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова, көрнекті жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәрбану Бейсенова, Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев, Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы уәкілетті өкілі Денис Валеев, жазушы…

    Жалғасын оқу
  • Әйел бейнесін әспеттеген

    Елордада бір апта бойы дүрілдеген жазушы-драматург, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Роза Мұқанованың драматургиясына арналған «Театр All» III халықаралық театр фестивалінің жабылу салтанаты өтті. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Мәдениет басқармасы мен Музыкалық жас көрермен театры ұйымдастырған өнер мерекесі Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында түйінделді. Түркі дүниесінің мәдени кеңістігіне есімі танымал жазушы-драматург Роза Мұқанова…

    Жалғасын оқу
  • Астанада III Халықаралық театр фестивалі мәресіне жетті

    Астанада 28 қазан мен 3 қараша аралығында өткен Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Роза Мұқанованың драматургиясына арналған «ТЕАТР АLL» III Халықаралық театр фестивалі аяқталды. Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Астана төрінде биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып жатқан халықаралық фестивальге Әзербайжан, Қырғызстан және Қазақстанның үздік театр ұжымдары…

    Жалғасын оқу
  • Жас қаламгерлер жүлдесі

    Amanat партиясының «Ұлы дала» байқауы аясында аталмыш партияның Астана қалалық филиалы ұйымдастырған жас қаламгерлер байқауының жеңімпаздары анықталды. Марапаттау рәсіміне аталған партияның елордалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек, қалалық мәслихат депутаттары, белгілі қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты.  Байқау 20-45 жас аралығындағы авторлар арасында «Поэзия», «Проза», «Балаларға арналған шығарма» аталымдары бойынша ұйымдастырылды. Оған барлығы 47 туынды келіп түсті. Көрнекті ақын, Абай атындағы…

    Жалғасын оқу
Back to top button