Мәдениет
-
Зияткерлік байқау
Астана қаласы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Есіл аудандық филиалында өскелең ұрпақпен қарым-қатынасты нығайтып, ой-өрісін кеңейту мақсатында «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында мектеп оқушылары арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік байқауы өтті. Бұл байқауды «Сыр сандық» зияткерлік клуб еріктілері жоғары деңгейде ұйымдастырып, «Қазақстан тарихы», «Салт-дәстүрлер», «Мақал-мәтелдер», «Тақырыптық жұмбақтар, сұрақтар», т.б. бөлімдерді қамтыды. Мектеп оқушылары команда капитанымен бірге тақырыптық сұрақтарға қызығушылық танытып, жедел…
Жалғасын оқу -
Ашық есік күні өтті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында алда келе жатқан – Ұлттық кітап күніне орай «Ұлт және ұлттық кітап» атты ашық есік күні өтті. Адам баласының алтын қазынасы кітапты сақтап, қоғамға жан-жақты насихаттауды, интеллектуалды жастарды ынталандыру мен мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізуді мақсат еткен бұл мерекелік шара аясында оқырмандар кітапханада иллюстрациялық кітап көрмелерін тамашалап, кітап апталығының және «Коворкинг»…
Жалғасын оқу -
Ассамблеяға арналған фестиваль
Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбында ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті. Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Е.Кочетов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нүрия Ниязова, сондай-ақ ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Екі күндік бағдарлама мәнді әрі мағыналы іс-шараларға толы болды. Қатысушылар…
Жалғасын оқу -
Әбдімомынның ән-күйлері әуеледі
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында белгілі күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбдімомын Желдібаевты еске алу кеші өтті. Кеш аясында күйші-композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған жаңа ноталық жинақтың тұсауы кесілді. Кітапта оның күй мен ән мұрасы қамтылды. Ал концерт барысында оның «Ерке сылқым», «Тұран елі», «Жетісу сазы», «Әулие ата» сынды күйлері күмбірлеп, әндері әуеледі. «Тәңір тарту еткен таланттың…
Жалғасын оқу -
Күмбірлеген күй кеші
Астанада Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттiк драма және комедия театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші Нұрғиса Дәуешовтің «Тиек» атты шығармашылық концерті өтті. Іс-шараға Мәжіліс депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов, Абзал Құспан, Нартай Сәрсенғалиев, ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, ақын Бауыржан Халиолла және астаналық өнерсүйер қауым қатысты. Өнерлі отбасында дүниеге келгендіктен, кеш иесінің есімі Нұрғиса Тілендиевтің құрметіне Нұрғиса деп қойылған екен. Сондықтан да болар күйші…
Жалғасын оқу -
Кентаудың өнер кеңістігі
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен белгілі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кентау Назарбектің «Бір бәйтерек, бір шынар» атты шығармашылық кеші өтті. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, аталмыш кеш осындай концерттерден өзгеше сипатта өрбіді. Композитор туындылары арқылы Отанды, туған жерді сүюге, ата-ананы қадірлеуге, достыққа берік болуға шақырады. Ән кешінде, негізінен, аталған тақырыптардағы шығармалар…
Жалғасын оқу -
Мағаз шығармалары таныстырылды
Кеше Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, драматург Мағаз Разданұлының туғанына 100 жыл толуына орай үш томдық таңдамалы шығармаларының таныстырылымы өтті. Кеш тізгінін ұстаған ҚР Жазушылар одағы Астана бөлімшесінің басшысы Бауыржан Бабажанұлы Қытай қазақ әдебиетінің даму жолына тоқталып, Мағаз Разданұлы сынды қаламгерлердің шығармалары қазақ руханиятына қосылған баға жетпес қазына екенін атап өтті. – Қытай қазақ…
Жалғасын оқу -
Он томдық жарық көрді
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада қазақ ғылымының атасы, академик Қаныш Сәтбаевтың 10 томдық шығармалар жинағының салтанатты тұсаукесері өтті. Ғұлама ғалымның туған күні және ғылым күні қарсаңында өткен мәдени-рухани іс-шараға Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентіндегі Президент және Үкімет өкілдері, ҚР Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі, Ұлттық құрылтай мүшелері, министрлік қызметкерлері мен…
Жалғасын оқу -
Металлургтермен бірге Абайдың әнін шырқады
10 сәуір күні «Астана Опера» театрының әртістері Ақтөбе ферроқорытпа зауытында болды. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында театр өнерпаздары өнеркәсіптік туристік маршрутпен жүріп, зауыттың өндірістік кезеңімен танысты, металл балқыту процесін өз көзімен көрді. Сол жерде металлургтермен бірге ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай ақынның «Көзімнің қарасы» әнін орындады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Сонымен қатар әртістер алғаш рет Хромтау қаласындағы Мәдени-демалыс орталығының сахнасында өнер…
Жалғасын оқу -
10 мың оқушы бақ сынады
Елордада балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Шаттық-2025» 18-қалалық шығармашылық байқауы өтуде. Онда астаналық 146 білім ошағынан 9800 оқушы өз өнерін ортаға салды. Балақайлар халық әні мен хореографиясынан бастап театр өнері мен фотосуретке дейін 20 номинация бойынша 10 жанрда сынға түсті. Жарыс бірден бірнеше жерде өтті. «Хореография» бағдарламасы бойынша әртүрлі би стилінде 122 нөмір көрсетілді. Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінде театрландырылған қойылымдар…
Жалғасын оқу