Мәдениет

  • Көрмеде – көшпенділер тарихы

    Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің ұйым­дастыруымен белгілі қылқалам шебері, тележурналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанұзақ Мүсәпірмен «Көшпенділер тарихы» атты кездесу мен аталмыш атаумен көрме өтті.  Емін-еркін сұхбаттасу форматында ұйымдастырылған кездесу үйлестірушісі, «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Кенжеғали Мыржықбай осындай кездесулер жастардың патриоттық…

    Жалғасын оқу
  • Тәлім алар әндер бар

    Қазіргі кезде әртүрлі шала-жансар әндер өмірдің де, тікелей эфирдің де төрінен орын алып, қоғамдағы ұлттық мәселелердің оң шешілуіне кері әсерін тигізіп жатыр. Радио мен теледидардан әндер эфирден берілетін кезде сүзгіден өткізілмейтіні қынжылтады. Десек те Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, белгілі композитор Кентау Назарбектің шығармашылығы осы олқылықтың орнын толтырып келеді. Сөзіміздің дәлелі әрі нақты мысалы ретінде өрелi өнерсүйер қауымның көңілiнен шығып, әлемге…

    Жалғасын оқу
  • Елордада «The Fire of Nomad’s» көшпенділер әуендері асқақтады

    Астанада Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның ұйымдастыруымен «The Fire of Nomad’s» – көшпенділер әуендері концерті өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Ұлттық өнеріміз заманауи этно-шоу-балет түрінде қалың көпшілікке ұсынылған концертке «ALEM» заманауи би тобы, аталған филармонияның «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблі, камералық хор, эстрадалық, классикалық вокал және халық әні бөлімдерінің орындаушылары, этно-эстрадалық симфониялық оркестр, Ұлттық ұлан ән-би ансамблі, «Nomadara» вокалдық тобы, «Ақ…

    Жалғасын оқу
  • Орталық саябақта Конституция күніне концерт өтеді

    30 тамыз – ҚР Конституциясы күні аясында Орталық саябақтағы Амфитеатрда эстрада жұлдыздарының қатысуымен ашық аспан астындағы мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Мерекелік кеште Жұбаныш Жексен, «Нұрлан мен Мұрат», Маржан Арапбаева, Әділет Жауғашар, Зарина Омарова, «ДОС», Құрал Молжан, МұхаммедАли Жүгінісов, Әбілхайыр Жексен, «akimmmich», «AYKA» «VID MEN» тобы, «Бәйтерек» тобы сияқты және басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Мекенжайы: Тұран даңғылы…

    Жалғасын оқу
  • «Бауырына салу» шетелдік кинофестивальдерде топ жарды

    Мәдениет және ақпарат министрлігінің, «Ұлттық кино орталығының» қолдауымен түсірілген «Бауырына салу» фильмі халықаралық фестивальдерде топ жарып келеді. Жақында режиссер Асхат Кучинчерековтың фильмі Австрия мен Санкт-Петербургте екі беделді марапатқа ие болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Австриядағы Der Neue Heimatfilm халықаралық кинофестивалінде фильм «Үздік көркем фильм» сыйлығын жеңіп алды. Аталған фестиваль жүздеген кәсіби мамандардың басын біріктіріп, маңызды деректі картиналарды ұсынады. 23-27 тамыз аралығында…

    Жалғасын оқу
  • «Абай-Тоғжанмен» ашылады

    Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры гастрольдік сапармен Баянауылға барады. Бұл сапар қазақ әдебиеті­нің классигі, Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытұлының 135 жылдығына, ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына, қазақ археологиясының негізін қалаушы Әлкей Марғұланның 120 жылдығына, қазақ киносының атасы Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналады. «Астанадан Баянауылға сәлем!» бағдарламасымен астаналық өнер ұжымы 2-3 қыркүйек күндері Ертіс-Баян өңірінің көрермендеріне «Гауһартас» музыкалық драмасы…

    Жалғасын оқу
  • Өнерлі отбасылар концерті

    Астана қаласы әкімдігінің Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында Білім күніне арналған «Мектеп және отбасы» концерті өтті. Концертке өнерлі отбасылар, зейнеткер ата-әжелер мен олардың немерелері қатысты. Кеш шымылдығын «Тойбастар» күйі­мен «Асыл мұра» домбырашылар ансамблі ашты. «Сағыныш сазы» ансамблінің мүшесі Әсемхан Ескендірдің немересі Риза Арлан күй атасы – Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. «Шұғыла» тобындағы Алмасбай…

    Жалғасын оқу
  • Симфониялық оркестрлер фестивалінде өнер көрсетті

    Қазақ ұлттық өнер университеті студенттерінен құрылған өнер ұжымы Берлинде өткен «Young Euro Classic» фестиваліне қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Фестиваль қатысушыларының репертуары белгілі еуропалық симфониялық шығармалармен қатар, музыкалық ұжымдардың қайталанбас өзіндік ерекшелігін көрсететін дәстүрлі композициялармен де толықтырылды. Бұл – Қазақ ұлттық өнер университеті Еуразиялық студенттік симфониялық оркестрінің Берлин қаласындағы Концертхаус сахнасына екінші рет шығуы. 2016 жылы ұжым аталған фестивальде дебют жасаған…

    Жалғасын оқу
  • Тұғырлы ел туындылары

    Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Сарыарқа» халық музыка ансамблі «Тұғырлы ел» концертін ұсынды. Концерт бағдарламасында композиторлар, ансамбль музыканттары Қарагөз Гасимованың «Аңыз дала», Тоғжан Жахиннің «Думанды Сарыарқа», «Сарын», «Сақ даласы», Шығыс Маханның «Аққу арман» және Ержан Тоқсабановтың «Тұғырлы ел» шығармалары орындалды. Ансамбль әртістері Әділет Сейітқұлов (қобыз), Ақерке Жөкен (нар қобыз), Қарагөз Гасимова (жетіген), Райхан Омар (сазсырнай), Гүлдара Нариман (прима қобыз),…

    Жалғасын оқу
  • Қос қойылым ұсынады

    Конституция күніне орай Астана қаласында Атырау жастар театрының гастролі өтеді. Өнер ұжымы 29, 30 тамыз күндері Музыкалық жас көрермен театры сахнасында қос спектакль ұсынады. Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры жанынан құрылып, осы жылдың басында ғана бөлек отау болып шығарылған Атырау жастар театры ұсынатын алғашқы қойылым «Жәннат» аталады. Драма жанрындағы спектакль авторы әрі қоюшы режиссері – Мұқанғали Томанов.…

    Жалғасын оқу
Back to top button