Мәдениет
-
Ойындар жалғасады
Бас қалада VI республикалық жастар ойындары аясында гандболдан жарыс өтіп жатыр. Ол 13 сәуірге дейін жалғасады. Бәсекеде 2004 жылғы қыздардан құралған 7 команда жүлдеге таласуда. Олардың арасында Астана және Шымкент қалалары, Павлодар, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облыстары бар. Елордалық команда жаттықтырушысы астаналық гандболшылардың дайындығы жайында айтып, оларға сәттілік тіледі. – Бұл бәсекедегі міндетіміз – финалға дейін жету. Басты қарсыласымыз Шымкент…
Жалғасын оқу -
Дарындар үндестігі
«Астана Опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы камералық залы сахнасында «Жастық пен шабыт» топтамасы аясында «Дарындар үндестігі» концерті өтті. Бұл жоба жас дарындарды қолдауға және дамытуға бағытталған. Ол жастарға беделді сахнада өнер көрсетуге және өз шеберлігін паш етуге мүмкіндік береді. – Бізде жас дарындарды анықтауға және қолдауға арналған «Жастық пен шабыт» концерттер топтамасы секілді жобаның бар болғаны қандай керемет! Театрдың міндетіне…
Жалғасын оқу -
Әріптесіміз бәйге алды
Ақын-драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Бақыт Беделханұлының 50 жасқа толуына арналған «Мен бәріңмен біргемін!» атты әдеби-шығармашылық кеші аясында өткен «Уақыт жүрегі» республикалық ашық жыр мүшәйрасында астаналық ақын, «Astana aqshamy» газетінің тілшісі Шапағат Әбдір жүлделі 2-орынды иеленді. Өнердегі жолын айтыспен ашып, кейін жазба поэзияға ынтасымен берілген ол айтулы ақын Есенғали Раушановтан бата алды, көрнекті жазушы Төлен Әбдіктен отты өлеңдері үшін…
Жалғасын оқу -
Рухтың шалқуы
Қарағанды қаласында көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Серік Ақсұңқарұлының 75 жас мерейтойына арналған «Рухтың шалқуы» атты поэтикалық кеші өтті. Кеш шымылдығын Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау ізгі лебізімен ашты. «Сіз жеткен бұл белеске берісі Арқа, әрісі күллі Алаш жұрты сүйсіне қарап тұр.…
Жалғасын оқу -
Дәстүрлі жарыс өтті
Елорданың Ботаникалық саябағында әуесқой спортшылардың арасындағы дәстүрлі Astana Run жарысының 2025 жылдағы алғашқы көктемгі жүгірісі ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын ұстанатын қала тұрғындары тек жүгіріс дистанциясын бағындырып қана қоймай, «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, іс-шарадан кейін барлық қоқысты жинап кетті. «2023 жылдан бастау алған Astana Run жүгірісі 4 кезеңнен тұрады, жылдың әр мезгілінде өтеді. Ал биылғы ерекшелігі – маркетинг әдісін қолданып, әр…
Жалғасын оқу -
Тілендиев туындыларының салтанаты
Астанада аса көрнекті күйші-композитор, дарынды дирижер, Қаз КСР және КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Құстар әні» республикалық фестивалі өтті. Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы ұйымдастырған іс-шара үш күнге созылды. Кеше фестиваль шымылдығы гала-концертпен жабылды. Бірінші күні майталман музыканттың өмірі мен шығармашылығына арналған дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Оған қатысқан мәдениет және өнер…
Жалғасын оқу -
Қылқаламдағы ұлттық құндылықтар
Бейбітшілік және келісім сарайында «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – бейнелеу өнері арқылы ұлттық құндылықтар мен мәдени нысандарды насихаттау, сондай-ақ отандық суретшілердің шығармашылығын қолдау және патриоттық рух пен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру. Байқауға Қазақстан өңірлерінен 137 кәсіби суретші қатысты. Олар қазақтың мәдени құндылықтарын шебер бейнелеп, өз еңбектерін пейзаж, натюрморт және…
Жалғасын оқу -
Құрметті тілшінің бес кітабы
Кеше Астана қаласы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Есіл аудандық филиалында қалалық Ардагерлер кеңесінің «Кітап» акциясы басталды. Соның аясында ардагер ұстаз, білім беру саласының үздігі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Еркін Дәуешұлының «Ауылымды сағындым», «Бір ғасыр», «Жаны жайсаң Жайық аға», «Қаламмен өрілген жылдар» және «Азаматтарымен ажарлы Ақкөлім» кітаптарының тұсаукесері өтті. Іс-шараны елорданың Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Есіл…
Жалғасын оқу -
Халық хореографиясының таңғажайып үлгісі
«Астана Балет» театрында «Жастар биі» хореографиялық миниатюрасының премьерасы мен «Ұлы дала мұрасы» концерттік бағдарламасы ұсынылды. Әбдірасул Есекеевтің «Жастар биі» миниатюрасының премьерасы халық және классикалық хореографияның таңғажайып синтезін паш етті. Ал Ержан Токсабановтың музыкасы миниатюраны органикалық түрде толықтырып, ажарын аша түсті. Бұл миниатюра ел ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де кең танылып, көрермен көзайымына айналған «Ұлы дала мұрасы» дивертисментінің құрамына…
Жалғасын оқу -
Тарихтан тағылым тартқан
Ұлттық музейде «Тарихи тұлғалар» жобасы аясында Қазақстанның халық жазушысы, ғалым Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына орай «Тарихтан тағылым тартқан» атты музейлік дәріс оқылды. Ғұлама жазушы М.Мағауиннің қалдырған тарихи мұраларын талдап, түсініп, ұрпақ жадына сіңіру және ғибратты ғұмырын кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен дәріске «Túrkistan» газетінің бас редакторының орынбасары Тоқтарәлі Таңжарық, «ALQA» әдеби-мәдени клубының жетекшісі Жанар Таңсық, М.Жұмабаев атындағы халықаралық колледждің студенттері…
Жалғасын оқу