Ел тынысы
-
Музыкалық жас көрермен театры V-маусымын «Абай-Тоғжанмен» жапты
Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры өзінің V театр маусымын М.Әуезовтың «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасымен салтанатты түрде жапты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Биылғы V маусымның жабылуы қазақтың ұлы ақыны, философы, сазгері және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды. Қазіргі таңда Музыкалық жас көрермен театрының ашылғанына бес жыл толды. Биылғы маусым да театр ұжымы үшін табысты болып, бес жаңа премьераның тұсауы кесілді.…
Жалғасын оқу -
4 оқушы географиядан халықаралық олимпиадада ел намысын қорғауда
Тайланд астанасы Бангкок қаласында Географиядан халықаралық олимпиада (International Geography Olympiad – IGeO) өтіп жатыр. Беделді білім сайысына әлемнің 50-ге жуық елінен 200-ден астам оқушы қатысуда. Олимпиада 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz IGeO үш кезеңнен тұрады: жазбаша тест, мультимедиялық тапсырмалар және далалық зерттеу туры. Қазақстан ұлттық құрамасы олимпиада резерві мүшелерінен жасақталған: Ақжол Болат – Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің…
Жалғасын оқу -
6,7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2025 жылда 6 755 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 154,8 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы, 45,1%-ы – Қытайдан, 41,7% – Өзбекстаннан, 5,4% – Түрікменстаннан, 2,8% – Монғолиядан, 2,4% – Ресейден және 2,6% – басқа елдерден. Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны…
Жалғасын оқу -
Елімізде алғаш рет жүзуден әлем кубогының кезеңдері өтеді
Сингапурде өтіп жатқан World Aquatics конгресінде Silk Road-2026 жүзуден әлем кубогының кезеңдері өтетін қалалар жарияланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бірінші кезең Әзербайжан астанасы Бакуде өтеді. Одан кейін жарыс Өзбекстанның Ташкент қаласында жалғасады. Ал соңғы, үшінші кезеңді Астана қаласы қабылдайды. Айта кетейік, Қазақстан мұндай ірі турнирді алғаш рет өткізгелі отыр. Жарысқа Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері,…
Жалғасын оқу -
Қазақстан мен Түркия президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Өзара келіссөздер мен Жоғары деңгейдегі стратегиялық экономикалық кеңестің 5-ші отырысынан кейін Қазақстан мен Түркия президенттері баспасөз мәлімдемесін жасады. Мемлекет басшысы, ең алдымен, Түркияға ресми сапармен келуге шақырып, қазақ делегациясына қонақжайлық көрсеткені үшін бауырлас түрік халқына және Президент Режеп Тайип Ердоғанға шынайы ризашылығын білдірді. – Қос халықтың…
Жалғасын оқу -
Ақтөбеде жаңа көлік-логистика хабы ашылады
Еліміздің транзит әлеуетін арттыру үшін Ақтөбеде жаңа көлік-логистика хабы ашылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Президенттің логистика саласындағы түркиялық жетекші компания өкілімен кездесу нәтижесі жөнінде пікір білдіріп, екі жақты бірлескен компаниялар Ақтөбе әуежайында логистикалық хабті салатынын жеткізді. Бұл жоба келесі жылы аяғына дейін іске қосылады, Хаб еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып, қазақ-түрік арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.
Жалғасын оқу -
Қазақстан-Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысы өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысын өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Жиын барысында Мемлекет басшысы Түркияның ежелден бауырлас, тамырлас және түбі бір туысқан ел екенін атап өтіп, ортақ тарихи және рухани құндылықтарға негізделген қазақ-түрік ынтымақтастығы кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында тұрақты дамып келе жатқанына назар аударды. – Біз осы сара жолды жалғастырып, өзара байланысты…
Жалғасын оқу -
Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Түркия Республикасына ресми сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Қазақстан Президентінің сапарына орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Сарайға келген сәтінде Мемлекет басшысының кортежін салт атты гвардия бастап жүрді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, зеңбіректен 21 рет оқ атылды. Екі елдің басшылары Құрмет қарауылының алдынан…
Жалғасын оқу -
Астанада дәнді және бұршақты дақылдарды терең өңдеу кешені салынады
Мемлекет басшысының Түркия Республикасына ресми сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Tiryaki Holding компаниясының Бас атқарушы директоры Сүлеймен Тирьякиоғлуды қабылдады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Кездесу барысында агроөнеркәсіптік сектордағы өзара тиімді және ұзақ мерзімді әріптестік мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы компанияның Астанада бидай мен бұршақты дақылдарды терең өңдейтін зауыт салу туралы шешімін құптады. Инвестициялар туралы келісімге Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Сүлеймен Тирьякиоғлу қол…
Жалғасын оқу -
Астаналық пара шахматшылар – әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Үндістанның Гоа қаласында 19-29 шілде аралығында тірек қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында классикалық шахматтан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Халықаралық додада 18 елден келген 100-ге жуық спортшы бақ сынады. Қазақстан құрамасының сапында ел намысын қорғаған астаналық спортшылар – Бақытжан Майкенов пен Айғаным Қамбарова жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Бақытжан Майкенов классикалық шахматтан күміс жүлдеге ие болды. Айғаным…
Жалғасын оқу