Ел тынысы
-
Жер учаскелерін беру тәртібіне өзгерістер енгізілді
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті 2020 жылғы 1 қазандағы №301 ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Жер учаскелерін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды. Атап айтқанда, өзгерістер республикалық маңызы бар қалалардан, астанадан, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар қалалардан жер учаскелерін беру тәртібі көзделген 17-қосымшаға қатысты. Қосымшада ортақ үлестік меншікке немесе ортақ үлестік жер пайдалану құқығына…
Жалғасын оқу -
Еуропалық математикалық олимпиадада 100% нәтиже көрсетті
Қазақстанның қыздар құрамасы Еуропалық математикалық олимпиадада (EGMO) үшінші жыл қатарынан дайындықтарының жоғары екенін дәлелдеп келеді. Оқушылар төрт бірдей медаль иеленіп, еліміздің жас математиктер даярлаудағы әлеуетін тағы бір мәрте әлемге паш етті – деп хабарлайды astana-akshamy.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл Приштина қаласында (Косово) өткен халықаралық байқауға әлемнің 52 елінен 219 оқушы қатысты. Қазақстан атынан төрт оқушы және екі…
Жалғасын оқу -
Қытай телеарнасы Қазақстан туралы жаңа деректі фильм түсіруде
Қытайдың орталық телеарнасы CCTV-4 түсірілім тобы Қазақстан туралы жаңа деректі фильм түсіруге кірісті. «Ортақ үй» деп аталатын жоба биыл Астанада өтетін «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті аясында әзірленуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Жобаның Қазақстандағы түсірілім жұмыстары «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының қолдауымен «Хабар» Агенттігі» АҚ қарасты 24kz телеарнасы және Almaty Tourism Bureau бірлесе жүзеге асырылуда. Кадрға Алматы қаласы мен оның маңындағы…
Жалғасын оқу -
9 облыста үсік жүруі мүмкін
«Қазгидромет» РМК ел аумағында 17 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Дерекке қарағанда, кезекті солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын қалыптастыратын болады. – Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Тек ҚР батысы мен орталығына антициклон жотасы әсер ететін болады – жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте…
Жалғасын оқу -
5 жылда 1 млн адамға ЖИ-мен жұмыс істеу дағдылары үйретіледі
Инновациялық технологиялар паркінің басқарушы директоры Дания Ахметованың айтуынша, 5 жыл ішінде 500 мың оқушыны, 300 мың студентті, 90 мың мемлекеттік қызметшіні, 80 мың бизнес өкілін және басқа салалардан мыңдаған азаматтарды қамту жоспарлануда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz «Мақсат – жай тұтынып қана қоймай, технология жасап, оны қолдануға дайын ұрпақ қалыптастыру», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Оның айтуынша, биыл күзде…
Жалғасын оқу -
Таңмен таласа аттанған…
2 мыңға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтыған дәл осы серіктестіктің Астана қаласындағы орны бөлек десек болар. Жаз туа салысымен желі мен жаңбыры көп елорданың қыстағы тіршілігі де белгілі ғой. Мұндайда шаһар тазалығын сақтауда шаршамайтын қызметкерлерді қалай мадақтасақ та жарасар. Расымен де, бір күнде қаладағы сан аймақты бірнеше тонна қоқыстан арылтқан жандардың жұмысы былайғы жұртқа біліне бермейді. Бірақ әр маусымда көше…
Жалғасын оқу -
Орталық Азия медиа кеңістігінің мәселелері көтерілді
Кеше Астанада ІІ Орталық Азия медиа форумы басталды. Екі күнге созылатын халықаралық іс-шараға қатысу үшін елордаға Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей, Ұлыбритания, Қытай және тағы басқа елдердің үздік медиа сарапшылары келді. Форумға 700-ден астам адам мен 30-дан астам спикер қатысуда. Олардың арасында әлемдік медианың белді өкілдері, Пулитцер сыйлығының иегерлері, халықаралық және жергілікті БАҚ өкілдері, инфлюенсерлер бар. «Орталық Азия медиакеңістігі:…
Жалғасын оқу -
Қазақстанда жаңа энергия қуаты іске қосылады
Қазақстанда жаңа энергия қуаттары іске қосылады, бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтып, энергетика саласын дамыту мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Оның айтуынша, биыл Топар электр станциясында қуаты 130 МВТ турбина іске қосылады. Сондай-ақ 450 МВт астам жаңа жаңартылған энергия көздері қолданысқа енгізіледі. «Негізгі жаңа энергия қуаттылықтарын 2026 жылы іске қосу жоспарланған. Мемлекет басшысының…
Жалғасын оқу -
«ULY DALA ÚNI» халықаралық вокалдық-хор фестивалі басталды
2025 жылдың 16 сәуірінде Алматыда «ULY DALA ÚNI» халықаралық вокалдық-хор фестивалі басталды. Аталмыш іс-шара Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтіп жатыр. Оған Қазақстан мен Ресейден келген 30-дан астам кәсіби және әуесқой хор ұжымы қатысуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Үш күндік бағдарламада хор музыкасының концерттері, жетекші сарапшылардың шеберлік сабақтары, дөңгелек үстелдер мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылады. Арнайы шақырылған мамандар арасында Қазақстанның еңбек сіңірген…
Жалғасын оқу -
МӘМС жүйесі түсіндірілді
Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында елордалық салалық кеңестердің отырысы өтіп, оның аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері мен түрлі саладағы кәсіпкерлер қатысты. Кездесудің басты тақырыбы – МӘМС жүйесінің жұмыс істеу тетіктерін түсіндіру және кәсіпкерлердің осы жүйеге қатысты сұрақтарын талқылау болды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалының директоры Гүлжан Шайхыбекова негізгі баяндама жасап, медициналық сақтандыру…
Жалғасын оқу