Ел тынысы

  • Бизнес өкілдерін аймақтағы театрларға қолдау көрсетуге шақырды

    Тәуелсіздік жылдарында мәдениет саласында көп жұмыс атқарылды. Классикалық және заманауи музыкаға арналған сәулетті ғимараттар салынды. Көптеген театр ашылды. Бүгін Ұлттық құрылтайда Президент бизнес өкілдерін аймақтағы театрларға белсене қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. “Қазақстанда театр өнеріне қызығушылық артып келеді. Зал көрерменге толы, қойылымдардың премьерасына билеттер екі-үш апта бұрын сатылып кетеді. Сахна өнеріне құштар жандардың арасында жастардың көп болуы көңілге ерекше…

    Жалғасын оқу
  • “Фильмдерді сүзгіден өткізу жолдарын қарастырған жөн” – Президент

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде қазір кинотеатрларда көрсетілетін фильмдерге қатысты қоғамдық сын туралы мәселеге де тоқталды, деп хабарлайды  astana-akshamy.kz.  «Тағы бір түйткіл – қазір кинотеатрда көрсетілетін фильмдерге қатысты қоғамдық сын бар. Былтыр қазақстандық мамандар түсірген 94 фильм шыққан, яғни, негізінен өзіміздің өнім шығарылып жатыр. Бұл – жақсы үрдіс. Бірақ біз ең алдымен санға емес, сапаға көңіл аударуымыз…

    Жалғасын оқу
  • Президент бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты пікірталастың нүктесін қойды

    Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz «Енді бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге қатысты пікірталасқа тоқталайын. Үкімет пен Парламент бұл мәселені талқылады. Арнайы зерттеулер жүргізілді, шешімге күмән келтірген қоғам белсенділерінің қаупі мен күмән-күдігі расталған жоқ. Үкіметтің және депутаттардың басым көпшілігінің, сондай-ақ мамандардың уәжімен келісемін: біздің кең-байтақ жеріміз бар, халқымыздың саны да…

    Жалғасын оқу
  • Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтуде

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Жиынға Құрылтай мүшелері мен басқа да делегаттар қатысып отыр. «Ең алдымен бүгін Амал күні баршаңызға құтты болсын дегім келеді. Қыстан аман-есен шығып, ағайын-бауырмен көрісу – ежелден келе жатқан ата дәстүріміз. Бұл күн – Әз-Наурыздың бастауы. Еліміздің төл мерекесі биыл да қасиетті Ораза айына орайлас келіп отыр. Қастерлі мейрамдарымыз халқымызды…

    Жалғасын оқу
  • Су тасқынына дайындық аясында 239 шақырым өзен арнасы тазартылды

    Су тасқынына дайындық аясында 239 шақырым өзен арнасын тазарту, кеңейту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Ертіс өзенінің 27,4 шақырымы, Қиғаш өзенінің 73,7 шақырымы, Нұраның 1,1 шақырымы, Жайықтың 51,5 шақырымы және Жем өзенінің 85,5 шақырымы тазартылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. Былтыр өзен учаскелерін санациялау жөніндегі құжат қабылданды, оған сәйкес, 2027 жылға дейін…

    Жалғасын оқу
  • Мемлекет басшысы Амал мерекесімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Амал күнімен құттықтауы Құрметті отандастар! Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын! Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз. Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен  жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына…

    Жалғасын оқу
  • Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

    Астана қаласындағы Beeline Arena спорт сарайында таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Бұл жарыста 2011-2013 жылдары туған 814 жас спортшы 20 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Олардың қатарында Астана қаласының 26 спортшысы да бақ сынауда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Аталған чемпионаттың қорытындысы бойынша Фуджейрада өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама жасақталып, жолдамалар үлестіріледі. Айта кетерлігі, биыл ел біріншілігі…

    Жалғасын оқу
  • Ерекше қорғалатын 6 табиғи аумақ құрылады

    Елімізде ерекше қорғалатын 6 табиғи аумақ құрылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев айтты, деп хабарлайды astana-akshamy – Биологиялық әртүрлілікті сақтап қалу жөніндегі конвенция аясында Қазақстан Республикасының міндеттемелерін іске асыру мақсатында «Елімідің биоәртүрлілікті сақтау тұжырымдамасын» әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, Тұжырымдаманың жобасы ел аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың…

    Жалғасын оқу
  • Қазақстанда қанша қар барысы бар

    Елімізде қар барысының саны 90 жылдармен салыстырғанда 2 есеге артты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz – Тәуелсіздік жылдары республикадағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту және құру жұмыстары нәтижесінде олардың алаңы 869 мың гектардан 30,9 млн гектарға дейін ұлғайды. Елімізде био әртүрлілікті…

    Жалғасын оқу
  • Туризм тұрақты дамысын десек…

    Бас қалада туризмнің даму көрсеткіштері үш жыл қатарынан тұрақты өсіп келеді. Былтыр туристер саны 2023 жылмен салыстырғанда 14% артып, барлығы 1,5 млн турист келген. Оның ішінде резидент емес туристер 400 мың адам болса, резиденттер 1,1 млн адам. Бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 3 млн туристке дейін ұлғайту жоспарланып отыр.   Елордаға Ресей, Қытай, Германия, Түркия, АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан және Оңтүстік…

    Жалғасын оқу
Back to top button