Елорда тынысы
-
Елордада Cirque du Soleil-дің OVO шоуы өтеді
Астана қаласындағы «Барыс Аренада» 4-7 маусым аралығында Халықаралық шоу өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Әлемдік тур аясында Қазақстанда барлығы 14 қойылым көрсету жоспарланған. OVO қойылымында 53 әртіс өнер көрсетеді, ал халықаралық құраманың жалпы саны 25 елден келген шамамен 130 маманды қамтиды. Олардың қатарында Бразилия, Канада, Франция, Қытай, Моңғолия және Ресей өкілдері бар. Топ құрамына әртістерден бөлек техникалық мамандар, грим жасаушылар, жаттықтырушылар,…
Жалғасын оқу -
Су айдындарындағы қауіпсіздік күшейтілді
Шомылу маусымының басталуына байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық және жедел іс-шараларды күшейтті. Қазіргі уақытта құтқарушылар күн сайын Есіл өзенінде патрульдеу жүргізеді, ал қауіпті учаскелерде үш мобильді құтқару бекетінің жұмысы ұйымдастырылған. Тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіз демалысы үшін шомылуға арналған бес ресми орын белгіленген. Жабдықталмаған және қауіпті учаскелерде шомылуға тыйым салынғаны туралы…
Жалғасын оқу -
«Менің елім – менің туым» дәстүрлі акциясы басталды
Астанада Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында «Менің елім – менің туым» дәстүрлі акциясы бастау алды. Елорда жастары мен қала әкімдігінің қолдауымен өткен іс-шара аясында мемлекеттік Ту қаланың тұрғын үйлердің қасбеттеріне ілінді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Акцияның басты мақсаты – жастар арасында патриоттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және елдік рухты нығайту. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді…
Жалғасын оқу -
Үш жасар Әміреге Мемлекет басшысының Алғыс хаты табыс етілді
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында бейнеролик арқылы танылған үш жасар бүлдіршінге арнайы сыйлық табыс еткенін жазды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. «Халықаралық балаларды қорғау күні LRT-ға алғаш мінген сәті түсірілген бейнероликтің кейіпкері – үш жасар Әміремен кездестім. Қазақстандықтардың көбісі Әміренің LRT оны ел Президентімен кездесуге апаратынына шынайы сенген видеосын тамашалады. Оның балалық аңғалдығы, кіршіксіз көңілі мен қарапайымдылығы көпшілікті баурап алды.…
Жалғасын оқу -
Өзекті мәселелер талқыланды
Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін бірқатар маңызды мәселе қаралды. Күн тәртібіне бюджет саясаты, кадр даярлау және мемлекеттік сектор қызметін жетілдіруге қатысты үш мәселе шығарылды. Алдымен 2026-2030 оқу жылдарына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту мәселесін талқылады. Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев…
Жалғасын оқу -
Ақбұлақ жағалауы тазартылды
Астанада Ақбұлақ өзенін тазартуға арналған экологиялық акция өтті. Алда келе жатқан Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылған іс-шара ел мен қаладағы негізгі экологиялық ведомстволардың өкілдерінің басын қосты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Санитарлық тазарту жұмысы үшін негізгі аумақ ретінде Ақбұлақ жағалауы таңдалды. Акцияны Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы ұйымдастырып, үйлестірді. Елордадағы ведомство бастамасын республикалық және өңірлік деңгейдегі…
Жалғасын оқу -
Балаларға арналған аула ашылды
Астана қаласының Сарыарқа ауданында Балаларды қорғау күніне орай жаңа аула пайдалануға берілді. Ауланың ашылу салтанатына аудан тұрғындары, балалар мен ата-аналар қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Іс-шара барысында бүлдіршіндерге арналған түрлі ойындар ұйымдастырылып, аниматорлар көңілді бағдарламалар ұсынды. Балалар спорттық және танымдық ойындарға қатысып, мерекелік көңіл күйге бөленді. Сонымен қатар тұрғындар арасында шағын викториналар өткізіліп, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Жаңа аула заманауи талаптарға…
Жалғасын оқу -
Былтырғы бюджет қалай атқарылды?
Елорданың 2025 жылға арналған бюджеті қалай атқарылды? Бұл мәселе Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қаралды. Қала әкімінің орынбасары Евгений Глотов қатысқан жиында тиісті қалалық басқармалардың басшылары мен бас қаланың Тексеру комиссиясының төрағасы Иманжүсіп Ақпомбаев баяндама жасады. Мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Кендебай Адамбек күн тәртібіндегі мәселенің қорытындысын шығарды. Қалалық Қаржы басқармасының басшысы Алмат…
Жалғасын оқу -
Елорда Азияның туристік нарығындағы орнын нығайтты
Шанхайда 26-28 мамыр күндері Қытай нарығына басымдық берілген, сол сияқты кіру және шығу туризмін дамытуға бағытталған маңызды халықаралық кәсіби алаңдардың бірі – ITB China 2026 халықаралық туристік B2B көрмесі өтіп жатыр. Көрме аясында Астана қарқынды дамып келе жатқан халықаралық туристік бағыт ретінде таныстырылып жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Астанаға 1,6 миллионнан астам турист келген. Бұл алдыңғы жылмен…
Жалғасын оқу -
Автобус сүйреп рекорд жаңартты
Астанада 55 жастағы бастауыш сынып мұғалімі, әлем чемпионы Айгүл Ержанова салмағы 13,5 тонналық автобусты жалғыз өзі сүйреп, әлем рекордын жаңартты. Көпті таңғалдырған ерекше оқиға Астанадағы №1 автопаркте өткізілді. Спортты қолдау аясында «№1 Автобус паркі» АҚ ұйымдастырған іс-шараға БАҚ өкілдері мен автопарк қызметкерлері, Азия мен Африка бойынша GLOBAL BEST RECORDS ұйымдарының әлемдік рекордтарды тіркеудегі бас офицері Қуандық Құдайбергенов қатысты. GBR офицері…
Жалғасын оқу