Елорда тынысы

  • Алматы тәжірибесімен танысты

    Астана қаласы мәслихатының депутаттары жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Елорда мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабденнің айтуынша, сапардың негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу және бұрынғы астанада маңызды мәселелердің қалай шешімін тауып жатқанымен танысу. Сапар барысында медицина мен туризм, мектеп қауіпсіздігі мен қаланы абаттандыру жайы таныстырылды. Елорда мәслихатының депутаттары жедел медициналық жәрдем станция­сына барып, бригадалардың жұмыс барысын, көліктердің жабдықталуын, шақыртуларға қандай стандарттармен шығатынын…

    Жалғасын оқу
  • Дәйекті диалог алаңы

    Кеше ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бастамасымен мемлекеттік қызмет жүйесіндегі адами ресурстарды басқарудың өзекті мәселелеріне арналған халықаралық GovHR форумы өтті. Бұған БҰҰ өкілі, Катар Мем­лекеттік қызмет және кадр­лық әлеуетті дамыту бюросының директоры Саиф Аль-Кааби, Моңғолия Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі кеңестің төрағасы Цэдэвсурэн Лхагва, Сьерра-Леоне Адами ресурстарды басқару кеңсесінің бас директоры Ансу Такер, Тәжікстан Респуб­ликасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қыз­мет агенттігінің директоры…

    Жалғасын оқу
  • Серпінді дамуға бетбұрыс

    Елордадағы құрылыс, өндіріс және әлеуметтік сала нысандары қарқынды дамып келеді. Осы бағыттағы жұмыстармен танысу мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды мекемелерге арнайы барды. Президент «Мыңжылдық» аллеясының абаттандырылуын көріп, заманауи зауыттар мен медициналық бұйымдар көрмесін аралады, жаңа теміржол вагондары мен спорт инфрақұрылымы жобаларына назар аударды. Бұл сапар – Астананың өркендеуі мен ел дамуы жолындағы нақты істерге берілген бағамен ұштасып жатыр.…

    Жалғасын оқу
  • Кемел келешек, табысты талқы

    Астанада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) жөніндегі III форум өтті. Іс-шара мемлекет пен жекеменшік сектордың инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды іске асырудағы әріптестік перспективаларын талқылауға арналған диалог алаңы болды. Форумды Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының қол­дауы­мен ұйымдастырды. Форумға жергілікті атқарушы органдардың, министрліктер мен ұлттық компаниялардың, қаржы институттарының, бизнес бірлестіктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін қоса алғанда, 100-ге жуық…

    Жалғасын оқу
  • Астана қалай абаттанады?

    Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында елорданың қай көшелерінде абаттандыру жұмысы жүргізілетіні туралы жазды. Оның айтуынша, елорданы «Адамдарға арналған қала» тұжырымдамасы аясында дамыту жұмыстары жалғасып келеді. Биыл қалада 170 аула мен қоғамдық кеңістікті (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылады. Олардың бір бөлігі ашылып үлгерді. Әкім абаттандыру барысында қаланы көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді. – Биыл да бір миллионнан астам жасыл желек…

    Жалғасын оқу
  • Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтеді

    Келесі аптада қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz “Астана қаласы халқының назарына! Астана қаласы мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 27 маусымда «Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды жүргізу туралы» тақырыбында қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтеді. Күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен мәселелерді қалалық мәслихат аппаратына жолдауларыңызды сұраймыз”, – делінген хабарламада.

    Жалғасын оқу
  • Астана бюджеті 98 миллиард теңгеге ұлғайды

    Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында ел астанасының дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселе қаралды. Астананың 2025 жылға арналған бюджетіне өзгерістер енгізілді және атаусыз көшелердің біріне тарихи тұлғаның атын беру туралы ұсыныс бірауыздан мақұлданды. Алдымен Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп Астанадағы атаусыз көшелердің біріне армян әліпбиінің негізін қалаушы, ағартушы, тарихи тұлға Месроп Маштоцтың атын беру туралы ұсыныс жасады. «Бұл…

    Жалғасын оқу
  • Киіз үй лагері ашылды

    2025 жылдың 2-13 маусымы аралығында Астана қаласындағы №91 мектеп-гимназияда «Атамекен» киіз үй лагері өз жұмысын бастады. Ұлттық нақыштағы лагерьдің бірінші маусымы 2-13 маусым аралығында оқушыларды қабылдады. Лагерьдің бас­ты мақсаты – қазақ тілін кеңінен насихаттап, оқушылардың бойында ұлттық рух пен патриоттық сезімді ояту. Жазғы демалыс кезеңінде балалардың уақытын тиімді ұйымдастырып, оларды елін, жерін сүюге тәрбиелеу – лагерьдің бас­ты бағыты. Лагерь жұмысы…

    Жалғасын оқу
  • «БөпеFair» фестивалі жалғасын тапты

    Балалар мерекесіне орай Астанадағы «Жетісу» саябағында «БөпеFair» отбасылық ойын-сауықтық, танымдық фестивалі өтті. Екі күн қатарынан таңертеңнен кешке дейін ұйымдастырылған іс-шара елордалық балалар мен олардың ата-аналарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Фестивальдің мақсаты –  отбасымен дұрыс уақыт өткізуді ұйымдастыру, отбасылық құндылықтарды нығайтып, бірлескен шығармашылықты дамыту. Сол себепті фестиваль бағдарламасына сай келген қонақтарды тақырыптарға бөлінген түрлі байқаулар, ойындар, шеберлік сабақтары мен бүкіл отбасыға…

    Жалғасын оқу
  • 4000 бала лагерде демалады

    Астана қаласы әкімінің орынбасары, елорда әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демография саясаты жөніндегі комиссия төрағасы Есет Байкеннің қатысуымен комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда ана мен баланың әл-ауқаты, жастардың денсаулығы, бос уақытты тиімді ұйым­дастыру және қосымша білім беру мәселелері талқыланды. Қоғамдық денсаулық сақтау бас­қармасы басшысының орынбасары Гүлнәз Досмырзаеваның айтуынша, 12-18 мамыр аралығында өткен «Репродуктивті денсаулық апталығы» аясында ұйымдастырылған 238 іс-шараға 8542…

    Жалғасын оқу
Back to top button