Елорда тынысы

  • Астанада бүгін түстен кейін 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды

    2026 жылғы 14 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Таңертеңгі уақытта Астанада ауа температурасы —23°-ты көрсетіп тұрғанмен, оның ызғары −31° болып сезілуде. Күн жауын-шашынсыз. Аздаған жел бар.

    Жалғасын оқу
  • Астана әлемдегі ең қауіпсіз 100 қаланың қатарында

    Numbeo халықаралық рейтингінде Астана алғаш рет ең қауіпсіз 100 қаланың қатарына кірді. Қазақстан астанасы бір жыл ішінде 24 сатыға жоғарылап, 105-орыннан 81-орынға көтерілген, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Қаланың қауіпсіздік индексі 66,7-ден 67,5-ке өсті. Бұл Астананы қылмыс деңгейі төмен әрі тұрақты қалалық орта қалыптасқан мегаполистер тобына қосты. Numbeo рейтингі тек ресми қылмыс статистикасын ғана емес, тұрғындардың өздерін қаншалықты қауіпсіз сезінетінін, полиция жұмысының…

    Жалғасын оқу
  • Крещение рәсімі: Астанада қай жерде мұзды суға түсуге болады?

    Астанада 18-19 қаңтар күндері барлық православие шіркеулерінде Крещение мерекесі рәсімі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.. Астанада дәстүрлі шомылу қалалық жағажайда (амфитеатр маңында) өтеді, ол үшін төрт ойық дайындалды. 18-19 қаңтарда Астанада мерекелік діни рәсімдер, крестпен дәстүрлі шеру және жаппай шомылу жоспарланған. Іс-шара қаланың барлық православие шіркеуінде өтеді: Успен соборында (Күйші Дина көшесі, 27), Константин-Еленин шіркеуінде (Республика даңғылы, 12), Саров Серафим шіркеуінде…

    Жалғасын оқу
  • Ауа-райының күрт бұзылуына байланысты елордалықтарға ескерту жасалды

    Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері күннің қүрт бұзылуына байланысты тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстануды ескертті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Департтаменттің Instagram парақшасында бүгін және алдағы күндері елордада күн бұзылып, ауа райы қолайсыз болатыны айтылған. Сол себепті қала тұрғындарының қауіпсіздік талаптарын, ауа райына байланысты ескертулерді назарда ұстап, алыс жолға шықпағандары дұрыс. Осы ретте олар СМС-хабарламалар мен әлеуметтік желілер арқылы берілетін жолдардың…

    Жалғасын оқу
  • Елордалық волонтерлердің қайырымды ісі

    «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлері жалғыз тұратын зейнеткерлер мен қарт адамдардың ауласын қардан тазартып, қолғабыс етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Аталған іс-шара әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған. Акция аясында волонтерлер көмекке аса мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, елордалық жастар арасында мейірімділік пен белсенді азаматтық ұстаным мәдениетін қалыптастыруда. Бүгін волонтерлер Байқоңыр…

    Жалғасын оқу
  • Елордалық құтқарушылар ауа райына байланысты үндеу жасады

    Астана қаласының құтқарушылары ауа райына байланысты тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 6 қаңтар күні Астанада қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кей уақттарда 23 м/с дейін болуы мүмкін. Осыған орай Астана қаласы ТЖД қатты жел кезінде жарақат алмау үшін азаматтар қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады: — Ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда…

    Жалғасын оқу
  •  Қыс қызығы – сырғанақ

    Бүгінгі таңда елордада 57 сырғанақ пен мұз айдыны жұмыс істеп тұр. Жаңа жыл мерекесіне орай безен­дірілген бұл алаңдарда мыңдаған балалар ойын қызығына кенеліп жүр. Жалпы Астана қаласының барлық аудандарында, оның ішінде шеткі аймақтардағы тұрғын алаптарының бәрінде мұз айдындары мен сырғанақтар, әдемі шыршалар мен фотоаймақтар орнатылған.

    Жалғасын оқу
  • Елорданың барлық ауданында жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді

    Бүгін, 31 желтоқсан күні Астананың алты ауданында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік жаңа жылдық концерттер өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Мерекелік концерттер сағат 12:00-ден бастап «Алматы» ауданының «Жерұйық» саябағында және «Теміржолшылар» тұрғын алабында, «Нұра» ауданының «Жағалау» скверінде және «Үркер» тұрғын алабында, сондай-ақ «Сарайшық» ауданының «Отау» және «Промышленный» тұрғын алаптарында басталды. Күндізгі жаңа жылдық бағдарлама сағат 14: 00-ден бастап…

    Жалғасын оқу
  • Өтіп бара жатқан жыл айтулы жетістіктермен ерекшеленді

    Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Өтіп бара жатқан жыл қала тіршілігіндегі маңызды оқиғалармен, жүйелі жұмыстармен және айтулы жетістіктермен ерекшеленді. Біз бірлесе отырып, Астананы өмір үруге қолайлы, заманауи әрі әрбір азаматқа жайлы қалаға айналдыру жолында еңбектеніп келеміз. Қаланың дамуына белсенді араласып, бастамашылдық білдірген, сол сияқты елорда тағдырына жанашырлық танытқан астаналықтарға ризашылығымды білдіремін.…

    Жалғасын оқу
  • Астанада қазақы шырша бой көтерді

    Астана қаласындағы Нұржол бульварында шығармашыл еріктілердің қолымен жасалған ерекше қалалық арт-нысан — құрақ-көрпе стиліндегі эко-шыршаның таныстырылымы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Бұған дейін елордада жүзеге асырылып, қала тұрғындарының ыстық ықыласына бөленген бұл жоба биыл тұрғындардың сұранысы бойынша жаңартылған әрі мазмұны тереңдетілген форматта ұсынылды. Жоба дәстүрлі қолөнерді заманауи креативті индустриямен ұштастырып, өнер, экологиялық сана және әлеуметтік бірліктің бір арнада тоғыса алатынын көрсетті.…

    Жалғасын оқу
Back to top button