Елорда тынысы

  • Отан қорғаушы күніне арналған плац-концерт өтеді

    Астана қаласындағы Қазақ елі алаңында 7 мамыр күні сағат 11:00-де Отан қорғаушы күніне арналған плац-концерт өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Іс-шара аясында көрермендерге әскери оркестрлер мен мемлекеттік органдардың саптық есептоптарының қатысуымен мерекелік бағдарлама ұсынылады. Сондай-ақ саптық дайындық элементтері мен салтанатты бөлімшелердің көрсетілімдік қойылымдары да сахналанады. Плац-концертке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық…

    Жалғасын оқу
  • Астанада Отан қорғаушылар күні қалай атап өтіледі?

    Елімізде 7 мамыр күні Отан қорғаушылар күні атап өтіледі. Астанада бұл мерекеге орай әскери қызметті насихаттауға және патриоттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған мазмұнды бағдарлама өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап концерттер, түрлі қойылымдар және қоғамдық акциялар ұйымдастырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Негізгі іс-шаралардың бірі – 7 мамыр күні сағат 11:00-де Қазақ елі монументі алаңында өтетін плац-концерт. Бағдарламада әскери оркестрлердің өнер көрсетуі, мемлекеттік…

    Жалғасын оқу
  • Астанадан Қосшыға дейін…

    Елорданы Қосшы қаласына жалғайтын жеңіл рельсті көлік (Light Rail Transit немесе LRT) инфрақұрылымының құрылысы басталғаны туралы City Transportation Systems көлік кешенін басқару операторы хабарлады. «LRT жобасының екінші кезеңін Қосшы қаласы бағытына іске асыру аясында алғашқы тірекке бетон құю жұмысы орындалды. Сонымен қатар Астана қаласындағы бетон зауытында желінің эстакада бөлігіне арналған алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды» деді компания. Мәлімдемеге қарағанда, Қосшы…

    Жалғасын оқу
  • Елордада «Мөлдір бұлақ» экоакциясы өтті

    Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық айлығы аясында таңертеңгі уақыттан бастап «Мөлдір бұлақ» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Акция барысында су айдындарына жақын аумақтарды санитарлық тазартуға ерекше назар аударылып отыр. Жұмыс Есіл өзенінің жағалауы бойында, сондай-ақ Сарыбұлақ учаскелері мен басқа да су нысандарында жүргізілуде. Қатысушылар қоқыс жинап, жағалау аумағын тазартып, қоғамдық кеңістіктерді ретке келтіруде. Экологиялық бастамаға елорда тұрғындары, коммуналдық қызметтер,…

    Жалғасын оқу
  • Астанаға қызығушылық әлемдік деңгейде артып келеді

    Соңғы үш жылда Астанада туризм саласында тұрақты өсім байқалады. 2025 жылы қалаға 1 604 825 адам келген, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 7%-ға көп. Елордадағы оқиғалық, іскерлік және медициналық туризмнің дамуы туралы Коммуникациялар қызметіндегі брифингте Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев пен «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы басқарма төрағасы Саят Құсайынов айтып берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.…

    Жалғасын оқу
  • Астана төріндегі Әмудария жаңғырығы

    Қазіргі таңда Қазақстанның елордасы – Астана қаласы – тек саяси-экономикалық орталық қана емес, сонымен бірге сан түрлі ұлттар мен ұлыстардың мәдение­ті тоғысқан, рухани достықтың символына айналған бірегей мегаполис. Осы көп қырлы мәдени мозаиканың ішінде өзіндік өрнегімен, бай тарихымен және ерекше дәстүрімен дараланатын ұйымдардың бірі – «Жайхун» қарақалпақ этно­мәдени бірлестігі. 2016 жылдың 9 желтоқсанында іргетасы қаланған бірлестік аз уақыт ішінде Астананың…

    Жалғасын оқу
  • Алдағы күндері Астанада ауа райы қандай болады?

    «Қазгидромет» синоптиктері Астанада алдағы үш күнде — 29, 30 сәуір және 1 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Астанада 29 сәуір көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +2…+4 градус, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз +21…+23 градус. 30 сәуір көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа…

    Жалғасын оқу
  • Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

    Абай даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Астанада Абай даңғылының Республика даңғылынан Ә.Сембинов көшесіне дейінгі аралығында орташа жол жөндеу жүргізіледі. Осыған байланысты, 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты…

    Жалғасын оқу
  • 2000 оқушы бір мезетте «Алтын ұя» күйін орындады

    Астанада EXPO халықаралық көрме орталығы алаңында «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» тақырыбында ауқымды музыкалық флешмоб өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Іс-шараға қала мектептерінен 2000-ға жуық оқушылар қатысып, олар бір мезетте күйші-композитор Қаршыға Ахмедияровтың «Алтын ұя» күйін орындады. Оқушылар домбыра, қобыз, қылқобыз, жетіген, сазсырнай, флейта және скрипка секілді ұлттық және классикалық аспаптарда ойнады. Музыкалық флешмобқа елордадағы өнер және музыкалық мектептердің, сондай-ақ жалпы…

    Жалғасын оқу
  • Ағалар ерлігі – ұлағат

    Елордада «Астана» концерт залында «Ағалар ерлігі – ұрпаққа ұлағат» атты әскери-патриоттық акция өтті. Әскери борышын өтеушілер Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Құрлықтық әскери қызметіне аттанады. Іс-шараға қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов бастаған ардагерлер, елге еңбек сіңірген зейнеткерлер қатысты. «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері мен студенттер көрермен залын толтырды. 1200-ден астам мектеп оқушылары қамтылды. Жауынгерлік отансүйгіштік акция концерт…

    Жалғасын оқу
Back to top button