Елорда тынысы

  • 300 жаңа автобус сатып аламыз

    Биыл Астана қаласының әкімдігі Қытайдағы Yotong автозауытында шығарылған 300 жаңа автобус сатып алады. Олар экологиялық және үнемді газбен жүреді. Бұл туралы шетелге іссапарының қорытындылары туралы Астана мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден мәлім етті. «Елорда мәслихатының депутаттары мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, ҚХР-дың бірқатар компаниясына жұмыс сапарымен барып қайттық. Қытай компаниялары Астананың күнделікті өміріне аса қажетті нысандардың құрылысын жүргізеді. Мысалы, ерекше басымдық берілген…

    Жалғасын оқу
  • Цифрлық құрал енгізді

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық сала мен бағытта цифрлық құралдарды енгізу арқылы қызметтер мен деректерді толық цифрландыру қажеттігін тапсырған болатын. Президент тапсырмасын орындау және елорда тұрғындарына қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен шығару қызметінің сапасын арттыру, сондай-ақ қызмет ақысын есептеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуде Астана қаласы әкімдігі қоқыс шығаратын ұйымдардың қызмет көрсету сапасын растауға цифрлық құрал енгізді. Былтыр қоқыс шығару…

    Жалғасын оқу
  • Биыл қанша ЖЭК іске қосылады?

    Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар басшылығы, энергетика секторы компаниялары және энергетика саласындағы сарапшылардың қатысуымен жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту мәселелеріне арналған Энергетикалық кеңестің отырысын өткізді. Энергетика министрлігінің мәліметінше, елімізде белгіленген қуаты 3 ГВт-тан асатын 154 ЖЭК нысаны жұмыс істейді, бұл – жел, күн, гидро және биогаз электр стансалары. 2024 жылы ЖЭК генерациясы сағатына 7,6 млрд кВт-ны құрады. 2025 жылға қуаты…

    Жалғасын оқу
  • Жылытудан тапшылық болмайды

    Алдағы уақытта елордада 7 шақырым жылу жүйесінің жолы салынып, 1,8 шақырым жылу жүйесі қайта жаңғыртылады. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті. «Астананы қосымша тіршілікті қамтамасыз ету нысандарымен қамту бойынша жүйелі жұмысты әрі қарай жалғастырамыз. Бұл нысандар қалаға жылу, су, электр энергиясы және т.б. жеткізуге мүмкіндік береді. Осыған дейін салынған жылыту көздерінің арқасында жылу беру маусымы штаттық режимде, тоқтаусыз…

    Жалғасын оқу
  • Оқушылар үздік құтқарушылар байқауында сынға түсті

    Астаналық оқушылар үздік құтқарушылар байқауында сынға түсті, деп хабарлайды https://www.astana-akshamy.kz/ Елордада оқушылар арасында жас құтқарушылардың қалалық жарысы өтті. Іс-шараға қаланың оқу орындарынан алты команда қатысып, әрқайсысы жоғары дайындық деңгейін, іс-қимылдардың үйлесімділігін және тіршілік қауіпсіздігі негіздері жөніндегі білімдерін көрсетті. Табанды күрестің қорытындысы бойынша №17 мектеп-гимназиясының командасы жеңіске жетті, екінші орынды №13 орта мектептің жас құтқарушылары, ал үшінші орынды №65 мектеп-гимназиясының командасы иеленді,…

    Жалғасын оқу
  • Көпшілік тыңдау өтеді

    Астана қаласының мәслихатында алдағы сәрсенбі күні көпшілік тыңдау өтеді, деп хабарлайды https://www.astana-akshamy.kz/   “Құрметті елорда тұрғындары! Астана қаласының мәслихаты «Елорданы жылумен жабдықтау және энергиямен қамтамасыз етуді дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективалары» тақырыбына көпшілік тыңдау өткізу туралы хабарлайды. Көпшілік тыңдау 2025 жылғы 28 мамырда сағат 10:00-де мәслихаттың Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтында онлайн режимінде өтеді. Байланыс деректері: 55-66-35, astana@maslihat01.kz.”, – делінген хабарламада.

    Жалғасын оқу
  • Депутаттар қорғаныс бригадасының қызметімен танысты

    Астанада Мәжіліс депутаттары аумақтық қорғаныс бригадасының қызметімен танысты, деп хабарлайды https://www.astana-akshamy.kz/ Іс-шара «Теміржол» тұрғын алабындағы дене шынықтыру, сауықтыру кешенінің аумағында Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан әскери міндеттілердің әскери жиынымен тұспа-тұс келді. Сапар барысында Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Максим Рожин мен Самат Нұртаза әскери міндеттілердің тұрмысы, олардың орналасқан жері және тамақтандыруды ұйымдастырумен танысты. Парламентшілер оқу сыныптарына…

    Жалғасын оқу
  • «Таза Қазақстан»: «Динамоның» 100 жылдығына 150 көшет

    Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы Көктал саябағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдық мерейтойына орай 150 қарағай көшеті отырғызылды, деп хабарлайды https://www.astana-akshamy.kz/ Бұл бастама қоғамның қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесін көрсетіп қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында да маңызды қадам болды. Аталған іс-шараға ІІМ ардагерлер кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков, Қазақстан Республикасы ІІМ Арнайы және…

    Жалғасын оқу
  • Күдіктіден гашиш майын тәркіледі

    Елордалық полицейлер күдіктіден гашиш майын тәркіледі, деп хабарлайды https://www.astana-akshamy.kz/ Астана қаласы полиция департаментінің жедел-іздестіру бөлімі жүргізген жедел іс-шаралар барысында 24 жастағы студент ұсталды. Ол есірткі заттарын ірі көлемде сақтады деген күдікке ілінді. Ұстау кезінде жас жігіттің сөмкесінен 100 дана пластикалық капсула табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижесінде бұл заттың есірткі құралдарына жататын каннабис майы (гашиш майы) екені анықталды. Тергеу барысында күдікті капсулаларды әлеуметтік…

    Жалғасын оқу
  • Тәуелсіздік даңғылының учаскесі жабылады

    Астанада Тәуелсіздік даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады, деп хабарлайды https://www.astana-akshamy.kz/ Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 24-25 мамыр аралығында Тәуелсіздік даңғылының Майлин көшесінен Б. Момышұлы даңғылына дейінгі учаскесіне орташа жөндеу жүргізеді. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету…

    Жалғасын оқу
Back to top button