Қала мен сала
-
Сарыарқа ауданы: Сапалы жұмыс жетерлік
1998 жылы мамыр айында құрылған, Астана қаласы тарихының ең бір өзегі іспеттес Сарыарқа ауданының өз уақытында маңызы зор болды. Елорданың алғашқы жылдарында мұнда мемлекеттің басты әкімшілік ғимараттары – Президент Резиденциясы, Парламент, Үкімет, Жоғарғы сот және басқа да маңызды нысандар орналасты. Дәл осы ғимараттарда ел үшін маңызы бар елеулі шешімдер қабылданғаны мәлім. Бүгінде Астананың қарқынды дамуы барысында аудан да жаңарып, маңызды…
Жалғасын оқу -
Құрылысқа қажетті жабдық дайындайды
Құрылғанына жыл толмаған ComInvestGroup серіктестігінің жұмысы қарқынды. Астана қаласы маңындағы №1 Индустриялық парк ішінен орын тепкен кәсіпорын құрылысқа қажетті жабдықтар дайындайды. Дұрысы, көп қабатты үйдің қабырғасы мен еден плиталарын құю кезінде керекті тіреу бағаналарын, мінбе сатысы мен қалыптарды (опалубка) шығаруда. Сондай-ақ қосымша мектепке қажет орындық пен парталар және ғимарат сыртына түрлі нұсқада қоршау шарбақтарын да тапсырыспен орындап келеді. «Кәсіпорын өткен…
Жалғасын оқу -
Тазалыққа жаны құштар
Астананың дамуына, көшелерінің айнадай таза болуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген арулардың бірі – Айкерім Шілімбетова. Ол ұзақ жылдан бері «Астана тазалық» мекемесінде учаске шебері болып жұмыс істеп келеді. Тазалықты жаны сүйетін еңбекқор жан қарамағындағы қыз-жігіттерден де тек соны талап етеді. Олар жазда елорда көшелерін күл-қоқыстан, қыста қардан тазалаумен айналысуда. Есіл ауданындағы Бәйтерек учаскесіне алғашында жай жол жұмысшы болып орналасқан…
Жалғасын оқу -
Кәсіпкерлік: салада серпін бар
Былтыр Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы елеулі жұмыстар атқарып, нақты нәтижелерге қол жеткізді. Сондай-ақ қызметінің басым бөлігі – елорданың экономикалық өсуіне, оның ішінде инвестицияларға, өнеркәсіпті дамытуға және туризмге арналған салалық басқармада биыл айтарлықтай жобалар легі жетерлік. Бұл туралы басқарма басшысы Халел Әкімжанов Астана қалалық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді. Оның сөзінше, қаладағы шағын және орта бизнес саласы…
Жалғасын оқу -
Шаһар тұтқасы – шағын кәсіпкерлік
Былтырғы қорытындымен өңірлер арасында ең жоғары экономикалық өнім көрсеткіші тіркелген аймақтың бірі – Астана. Президент қатысқан Үкімет отырысында белгілі болғандай, бас қаланың даму нәтижесі барлық салада да алда. Мұны шаһар басшысы Жеңіс Қасымбек те мәлімдеген еді. Оның сөзінше, өткен жылы елорданың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 111,5 пайызды құраған. Өңірлік өнім көлемі 15 трлн теңгеден асып, бұл көрсеткіш өсімді 6,5-7 пайыз…
Жалғасын оқу -
Астананың өмірінде не өзгереді?
Мақсатына сай пайдаланылмаған жер учаскелері аукцион арқылы сатылады. Тұрғын үйлерде тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуден шығармағаны үшін тұрғын үй иесіне жауапкершілік күшейтіледі. Қалалық инфрақұрылым нысандары мен қоғамдық көліктер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделеді. Астананың «жасыл белдеуін» қорғау заңнамалық деңгейде бекітіледі. Айыппұл тұрақтарының жұмыс істеу мәселелерін реттеу бойынша қағидаларды бекітуді облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихаттарының құзыретіне беріледі. Бұдан…
Жалғасын оқу -
Жастар жұмысшылармен жүздесті
Былтыр Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай, биыл Жұмысшы мамандықтары жылы екені белгілі. Өткен жылдың соңында Президент бұған қатысты Жарлыққа қол қойып, тиісті құжат күшіне енді. Оң бастаманың мақсаты – нағыз еңбек адамдарын қоғамда дәріптей отырып, елдегі түрлі жұмысшы мамандардың мәртебесін әйгілеу, насихаттау. Әр салада тер төгіп жүрген құрылысшы, диқан, жүргізуші, шахтер, кенші және басқа да көптеген қарапайым жұмысшы өкіліне құрмет көрсету.…
Жалғасын оқу -
«JOLTAP» жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Астанада азаматтардың табысын арттырып, тұрақты жұмыс табуына арналған бағдарлама бар. Ол – Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап елордада жүзеге асып келе жатқан «Joltap» әлеуметтік жобасы. Ол – елорда әкімдігі мен «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық қорының бірлескен бастамасы. Бүгінге дейін жоба аясында 9 мыңнан астам қала тұрғыны қысқа мерзімді оқудан өтіп, білігін арттырып қана қоймай, қалаған мамандықты меңгеріп,…
Жалғасын оқу -
Цифрлық дағдыны үйретіп жүр
«Joltap» жобасындағы «Базалық цифрлық дағдылар» курсын оқытушы Диас Махатов 2024 жылдың сәуір айынан бері беріп келеді. Осы уақытқа дейін ағылшын, математика және цифрлық сауаттылық бойынша жеке дәріс жүргізген ол бүгінде жоба қатысушыларына цифрлық дағдыларды үйретуде. Айтуынша, елордалықтардың заман талабына сай цифрлық сауатты болуға деген қызығушылығы жоғары. – 5 күндік «Базалық цифрлық дағдылар» оқыту курсында компьютермен жұмыс істеу тәсілдері түсіндіріледі.…
Жалғасын оқу -
Келісім – асыл ұғым ел үшін
Этносаралық бейбітшілікті нығайту және қақтығыстардың алдын алу шаралары бағытында этномедиацияның орны бөлек. Елімізде этномедиацияның дамуы бірнеше кезеңнен өтті. Қазақстанда азаматтық дауларды шешудің баламалы әдістерін енгізу қажеттілігі туралы алғашқы идеялар 2002 жылы айтылып, еліміздің құқықтық саясат тұжырымдамасына енгізілді. Кейін 2009 жылы өткен Қазақстан Республикасы Судьялар одағының V съезінде татуластыру рәсімдерін әзірлеу және медиацияны енгізу ұсынылды. 2010 жылдың қараша айында 2010-2020…
Жалғасын оқу