Құқық
-
Кассациялық соттар департаменті құрылды
Елімізде кассациялық соттар департаменті құрылды. Бұл жайында Мемлекет басшысы қол қойған Жарлықта айтылған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz – «Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Кассациялық соттар департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын, – делінген ресми құжатта. Сонымен қатар аталған жарлықпен Жоғарғы сот санындағы сот әділдігі сапасы жөніндегі комиссия туралы ережеге түзетулер енгізіледі. Комиссия 9 мүшеден тұрады. Олардың төртеуі облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьялары,…
Жалғасын оқу -
Елорда оқушылары үшін сот процесінің онлайн трансляциясы көрсетілді
«Заң және Тәртіп» қағидасын және «Жас үміт» жобасын жүзеге асыру аясында Сарыарқа ауданы прокуратурасының бастамасымен мектеп оқушыларына сот отырысы көрсетілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Мақсат – жастар арасында есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстардың алдын алу. Елорданың 25 мектептерінің 1000-нан астам оқушылары онлайн және сот залында процеске қатысты. Сотталушы орындығында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында аса ірі…
Жалғасын оқу -
Алаяқ жоқ жиһазды сатқан
Қаскүнем танымал «OLX» интернет-платформасында жалған мәліметтер мен фотосуреттерді көрсете отырып, жоқ жиһазды сату туралы «фейк» хабарландыруларды орналастырған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Мысалы, жәбірленушілердің бірі сотталғанның 50 мың теңгелік диван сатқаны туралы жалған хабарландыруына қызығушылық танытып, оның дұрыстығына көз жеткізбей және диванды жеке өзі көрмей, алдын ала төлем жасап, кінәлінің абоненттік нөмірінің балансын 40 мың теңгеге толықтырған. Көрсетілген соманы иемденіп алғаннан кейін,…
Жалғасын оқу -
Үш айда республика бойынша 69 есірткі зертханасы жойылды
Ішкі істер министрлігі “Заң және Тәртіп” принципіне сәйкес есірткі қылмысымен күресті жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Осылайша, бүкіл республика бойынша үш ай ішінде полиция қызметкерлері Ұлттық ұланның “Бүркіт” арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің күштік қолдауымен 69 нарколабораторияны жойды. 18 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Оның ішінде: 250 кг синтетика 1 тонна 642 кг марихуана 238 кг гашиш 322 грамм героин. – Жыл басынан…
Жалғасын оқу -
Құқық қорғау органдарының тиімді қызметі артты
Қазақстанда құқық қорғау органдарының жұмысы халықтың сеніміне ие болуда. Өткен 2024 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша, респонденттердің 65 пайызы толық қауіпсіздікті сезінетіндерін білдірді. Бұл көрсеткіштер құқық қорғау органдарының тиімді қызметін көрсетеді. Иә, елде тәртіп күшейді деп айтуға болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сот және құқық қорғау жүйесінде күрделі реформалар жүзеге асырылуда, бұл азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар,…
Жалғасын оқу -
Астанада жыл басынан бері жүздеген заңбұзушылық анықталды
Осы жылдың басынан бастап Астананың барлық алты ауданында вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер жалғасып жатыр. 2025 жылдың үш айында қалада мыңдаған сауда орындары тексеріліп, жүздеген бұзушылық анықталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Жедел профилактикалық іс-шараларды аудандық әкімдіктердің қызметкерлері Астана полиция департаментімен бірлесіп жүргізеді. Рейдтер жеке кәсіпкерлік объектілерін – сауда орталықтарын, азық-түлік дүкендерін және т.б. қамтиды. Есіл ауданында…
Жалғасын оқу -
Жасөспірімдер қылмысы үш есеге төмендеді
ҚР Оқу-ағарту министрлігінде Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2025 жылғы алғашқы отырысы өтті. Оның жұмысына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Жиында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шаралар талқыланды. Ресми статистикаға сәйкес,…
Жалғасын оқу -
«Автобус» айыптыны анықтайды
Астана полиция департаменті қаладағы қоғамдық көліктерге «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Автобустарының рейс алдындағы техникалық жағдайы, көлік жүргізушілерінің жұмысқа шықпас бұрын медициналық тексеруден өту тәртібі тексерілді. Іс-шараның мақсаты – қоғамдық көліктің қауіпсіздігін нығайту, автокөлік жолдарында жолаушылар мен жүкті тасымалдайтын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ олардың жұмысына бақылауды жақсарту. Іс-шара барысында желіге техникалық ақаулықтарымен жіберілген 7 автобус анықталды, оған жауапты автопарктер…
Жалғасын оқу -
Жауапсыз борышкер – прокурор назарында
Алименттер мен жалақы бойынша қарыздарды өндіріп алу – бүгінгі таңдағы өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі. Сот шешімдерін орындаудың нақты тетіктері болғанына қарамастан, кейбір жауапсыз борышкерлер төлемдерден жалтарудың түрлі жолдарын іздестіреді. Бұл мыңдаған отбасының қаржылық әл-ауқатына нұқсан келтіреді. Астана қаласы прокурорының көмекшісі Нұрлан Дәлуұлы қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сол туралы толығырақ мәлімет берді. Астана прокуратурасының мәліметінше, 2024 жылы уәкілетті органдармен бірлесіп,…
Жалғасын оқу -
SIM-BOX пайдаланылған алаяқтық әрекеттердің жолы кесілді
Жыл басынан бері Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағы ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы бөлімшелері және «Қазахтелеком» АҚ-мен бірлесіп, 57 SIM-BOX құрылғысын заңсыз пайдаланудың жолын кесті. Арнайы операция барысында түрлі ұялы байланыс операторларына тиесілі 38 мыңнан астам тіркелмеген SIM-карта тәркіленді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Тек наурыз айының алғашқы онкүндігінде «Бүркіт» арнайы жасағы мен полиция қызметкерлері осындай 4 фактіні анықтады. Астанада өз автокөлігінде ел аумағында алаяқтық…
Жалғасын оқу