Құқық

  • Ойын-сауық орындарындағы қауіпсіздік шаралары талқыланды

    «Заң және тәртіп» қағидатын және «Астана – есірткісіз қала» акциясын іске асыру аясында әкімдік пен Сарыарқа аудандық прокуратурасы ойын-сауық орындарының өкілдеріне арнап түсіндіру кездесулерін өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Кездесуде мекеме әкімшілігіне есірткі заттарының таралуына жол бермеу және қолданыстағы заңнамалық нормаларды сақтау бойынша жауапкершіліктің бары түсіндірілді. Сонымен қатар, кездесуде демалыс және мерекелік күндердегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жыл басынан…

    Жалғасын оқу
  • Елорда мектептерінде «Болашақ прокурорлар клубы» ашылды

    Елордалық прокуратурада «Ө.Сейітов атындағы Болашақ прокурорлар клубы» атты пилоттық жоба таныстырылды. Жоба қала мектептерінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Пилоттық жоба бастапқыда Сарайшық ауданында іске қосылады. Аудан прокуратурасы бөлімінің басшысы Әсет Досаевтың айтуынша, «Болашақ прокурорлар клубы» – оқушыларды құқықтық біліммен қамтуға бағытталған жаңа формат, оның мақсаты – оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын дамыту, командалық жұмыс істеу…

    Жалғасын оқу
  • Есірткі бизнесіне қарсы күресте күшейтілген жұмыстар жүргізілуде

    Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында прокуратура құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде. Арнайы прокурорлар интернеттегі есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша бірқатар ірі істерді тергеп-тексеруді аяқтап, сотқа жіберді. Шымкентте Telegram мессенджері арқылы жұмыс істейтін халықаралық есірткі желісінің жолы кесілді. Тергеп-тексеру басқа құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп жүргізілді. Прокуратураның бастамасымен қазақстандық жедел-тергеу тобына…

    Жалғасын оқу
  • Есірткімен күрестің кешенді іс-шаралары

    Бас қалада есірткі қылмысының алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар ұдайы жүзеге асырылуда. Есірткі қылмысы – халықтың денсаулығына, әлеуметтік тұрақтылыққа және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін ұйымдасқан қылмыстың ең қауіпті түрі. Астанада есірткінің негізгі көздеріне жасырын есірткі зертханаларында өндірілетін, кейіннен интернет-ресурстар арқылы оңай таратылатын есірткінің синтетикалық түрі жатады. Елордада құқық қорғау органдарындағы барлық күштер мен құралдар есірткі зертханаларын анықтауға бағытталған. Полиция…

    Жалғасын оқу
  • Дөңгелек ­ауыстырдыңыз ба?

    Қыстың басталуына байланысты елорда полицейлері жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырып, көлік жүргізу жағдайы техникалық талаптарға сай келмеген болса, әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын ескертті. Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, белгіленген кезеңде қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарды маусымдық міндетті қолдану талабы күшіне енді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес қысқы уақытта жазғы дөңгелектермен…

    Жалғасын оқу
  • Вандализм үшін жауапқа тартылды

    Елордада вандализм мен қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу және онымен күресу бағытында жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Кезекті құқық бұзушыларды полицейлер анықтап, жауапқа тартты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы нысандардың бүлінуіне қатысты екі жағдайды анықтады. Бірінші жағдайда 40 жастағы ер адам алкогольдік масаң күйде Ш.Уәлиханов көшесіндегі аялдама павильонын бүлдірген. Ол шыны есікті бірнеше рет ұрып сындырған. Сот қаулысына сәйкес,…

    Жалғасын оқу
  • Түн тыныштығын бұзған адам ұсталды

    Астана қаласында полиция қызметкерлері түнгі тыныштықты бұзған азаматты жауапкершілікке тартты. «102» арнасына таңғы сағат 6 шамасында автокөлікте қатты музыка қойылып, айналадағы тұрғындарға қолайсыздық туғызып жатқаны туралы шағым түскен, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Шақырту орнына жедел жеткен полицейлер 21 жастағы азаматтың қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері Астанада…

    Жалғасын оқу
  • Есірткі таратып жүрген жерінен ұсталды

    Астанада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында есірткі қылмысының алдын алу үшін тексеру жүргізілді. Оның барысында есірткі таратып жүрген қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Тексеру барысында ер адамның негізгі жұмысы қаржы саласына байланысты екені анықталды. Ол елордалық кәсіпорындардың бірінде қаржыгер болып қызмет еткен. Алайда қосымша табыс табу ниетімен ол өзіне заңсыз қосымша жұмыс тапқан. Демалыс күндері күдікті автокөлік жалдап, интернет-дүкен…

    Жалғасын оқу
  • Есірткінің зияны түсіндірілді

    Елордада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында есірткінің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Астана қаасының полиция департаменті мен «Esil University» бірлесіп өткізген «Астана – есірткісіз қала» акциясы студенттерге профилактикалық мазмұндағы кездесулерді қамтыды. Жастармен жүздесу үшін әлемдік рекордтарды жаңартқан қазақстандық алып күш иесі Сергей Цырульников, Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы, боксшы…

    Жалғасын оқу
  • Астанада полицейлер интернет-алаяқтықты әшкереледі

    Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері интернет-алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл жолы күдікті OLX онлайн-сату платформасында вип сим-карта сатамын деген желеумен жәбірленушінің сеніміне кіріп, ақшасын иемденген, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Тергеу деректеріне сәйкес, белгісіз тұлға интернет-ресурсқа жалған хабарлама жариялап, өзіне қоңырау шалған азаматқа сим-картаны тиімді бағамен сататынын айтып, оны алдаған. Жәбірленуші көрсетілген банктік шотқа шамамен 20 мың теңге…

    Жалғасын оқу
Back to top button