Руханият
-
Шыңғысхан бейнесі қалай шыққан?
Әрдайым шығармашылық ізденіске толы, әр рөлі өзінше ерекшеленетін Жанқалдыбек Төленбаевтың қай кейіпкерін алсақ та, өзгеше. Режиссура барометрі Әзірбайжан Мәмбетовтің мектебінде шыңдалған актер қалың көрермендерін Мұқағали, Қарабай, Қалдан-Церен, Терек, Барақ сұлтан, Маман, Кеңгірбай би сынды кесекті бейнелерімен таңқалдырды. Таптаурындылықты жаны сүймейтін, әр рөліне жауапкершілікпен қарайтын Жанқалдыбек Төленбаевтың Шыңғыс хан бейнесі де жоғарыда аталған тізімге кіреді. Думан Рамазанның «Жошы хан» тарихи драмасындағы…
Жалғасын оқу -
«Астана Операның» асуы
«Астана Операның» XII театр маусымы жабылды. Осы маусымда спектакльдер, концерттер мен фестивальдерге шамамен 80 мың көрермен келді. Маусым премьераларының әрқайсысы айрықша оқиғаға айналды. Қазан айында көрермендер Антонио Вивальдидің «Қаһарлы Орландо» премьерасы арқылы барокко операсының сиқырын сезінсе, қараша айында композитор Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығына орайластырылған оның «Айсұлу» комедиялық операсының ұлттық атмосферасына бойлады. Қаңтар Nomad Inspiration ұлттық бағдарламасының премьерасымен қуантты. Бұл –…
Жалғасын оқу -
Өтпелі кезеңнің нысаналы өткелі
1993 жыл ел экономикасын тұрақтандыру мақсатындағы түбегейлі бетбұрыс жылы еді. Дегенмен кешегі кеңестер кеңістігіндегі дағдарыс, жекешелендіру, былтырдан басталған бағаны ырықтандыру шегіне жетіп, баға мемлекеттік реттеуге бағынбайтын болды. Есіл тасып барады жардан асып 1993 жыл, 12 сәуір Сол жылдың көктемінде 1970 жылдан бері қайталанбаған, болғанның өзінде де дәл осылай тасымаған Есіл өзенінің жағдайы баяндалады. Күн қатты ысып, қар тез еріп, кенеттен…
Жалғасын оқу -
Театр мен әдебиет тоғысының мәселелері талқыланды
Қазіргі қазақ театрына жаңа тыныс, жаңа сөз, жаңа көзқарас керек. Осы мақсатта Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» театры заманауи авторлар, драматургиялық ойы бар жас қаламгерлердің басын қосып, «Әдебиет пен театр тоғысы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Жобаның мақсаты – театр мен әдебиет арасындағы шығармашылық байланысты күшейту, сахнаға бейімделген драмалық шығармаларға жол ашу. Жиында қазіргі драматургияның бағыты, театр мен…
Жалғасын оқу -
Музей ісіндегі жарты жылдық жұмыс қорытындыланды
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығы Қазақстанның мәдениет саласы үшін жемісті болды. Атап айтсақ, музей саласының дамуымен, халықаралық көрмелер және мәдениет әлеміндегі маңызды оқиға – Бейжің қаласындағы Қазақстанның Мәдениет орталығының ашылуымен есте қалды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Бүгінде Қазақстанда 270-тен астам музей жұмыс істейді. Олар еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтап, жұртшылыққа таныстыратын маңызды орталық саналады. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында музейлер 817 іс-шара өткізді. Оның…
Жалғасын оқу -
“Өлең – сөздің патшасы”
Елордадағы “Жастар” театрында Жазушылар одағының Астана қалалық филиалы мен елорданың Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы “Өлең – сөздің патшасы” атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Филиал директоры, қазақтың талантты ақыны Бауыржан Бабажанұлы ашылуында айтқандай, Абайға арналған кешті Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ардакүрең ақын Ғалым Жайлыбай сөз сөйлеп, өлеңімен ашты. Өлең көшін белгілі ақындар Сұраған Рахметұлы, Оңайгүл Тұржан,…
Жалғасын оқу -
Сарыарқа – қазақтың алтын жотасы
Батысы Торғай ойпатына тіреліп, шығысы Қара Ертіске еңкейіп барып тоқтайтын, түстігін Балқаштың көгілдір толқындары шайып жатса, терістігі көк Есілмен көмкерілген ұлан-ғайыр Сарыарқа сан ғасырдан бері қазақтың құтты қонысы болып келе жатыр. Тарихи деректерге жүгінсек, осынау далада ұлт тағдырына үлкен әсерін тигізген талай оқиға мен құбылыстың өткеніне куә боламыз. Сарыарқаны географиялық тұрғыдан «Қазақтың ұсақ шоқысы» деп атайды. Оның ұзындығы батыстан шығысқа…
Жалғасын оқу -
Қараөткелдегі ең көне ғимарат
Астана тарихының кәсіби тарихшылар мен өлкетанушылар бас қосып шешетін құпия жұмбақтары көп. Сонымен бірге тарихшылардың көздері жеткен, анықтаған мәселелерін қоғам болып қолдап, ұлттық-мемлекеттік сананы қалыптастыруға пайдалану жетіспейді. Мысалы, бүкіл ортағасырлық және жаңа заманда әлем білетін, мыңдаған жылдар бойы қазақ даласындағы негізгі географиялық нысан қызметін атқарған Қараөткелге арналған белгі жоқ. Ең болмағанда, тарихи өткелдің аузына ескерткіш тақта орнатылмаған. Кенесары көшесі сол…
Жалғасын оқу -
Бард болмысын аша алды ма?
Биыл – қазақтан шыққан тұңғыш бард ақын Табылды Досымовтың туғанына 60 жыл. Небәрі 45 жас жасаған өрелі өнер иесінің шығармашылығын екі сөзбен ғана сипаттайтын болсақ – лирика мен рух. Астанадағы Әзірбайжан Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрында премьерасы өткен, бард болмысын арқау еткен «Сәйгүлік» музыкалық драмасын тамашалап, соны көрдік. Табылдының өмірбаяны – өлеңдерінде. Спектакльге енген лирикалық туындыларын тыңдап, жүрек…
Жалғасын оқу -
Сиқырлы білезік немесе зергердің құпиясы
Өте сирек, қымбат металл бұйымдардың қылдай түйіндерінен адам қиялындағы тылсым өрнектерді бедерлеп, бір халықтың бойына жарастырған, ұлттық нақышын айқындайтын шеберді зергер дейміз. Ғасырлар қойнауынан жалғасын тауып, атадан балаға мұра болып келе жатқан, он саусағынан өнер тамған керемет қасиет иесі – зергер болу Жаратушының ғана қолдауы емес, қажымас еңбектің, зерек ізденістің нәтижесі болар. Берік Әлібайдың зергерлік бұйымдары бүгінде әлемнің шартарабына таралған.…
Жалғасын оқу