Руханият

  • Қазақ ұлттық ренессансы: Абай және Алаш

    Алаш қайраткерлеріне Абайдың асыл сөзі мен терең ойы жетті. Абайдың өмірі оларға Шыңғыстауды жайлаған әйгілі Құнанбай бидің баласы ретінде танылып, Алаш оқығандары ойшыл ақынның ортасын таныды. Өлең мен өмірін қоса алсақ, Алаш зиялылары кемеңгердің өмірінен гөрі, өлеңінен, қара сөздерінен оның тұлғалық қасиетін ұғынды. Қазақ өмірін, тұрмысын, тағдырын осыншама терең, осыншама білгір сыншылдықпен бейнелеген ақын қазақта бұрын-соңды, жалпы ұлт тарихында болмағанын…

    Жалғасын оқу
  • Бейжіңде «Абай оқулары» өтті

    Қытай астанасында ұлы ойшыл, ақын және бүгінгі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы «Абай күні» атап өтілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев өзінің ашылу сөзінде Абай Құнанбаевтың қазақ халқы үшін маңызды мәдени мұра және болашақ ұрпаққа тәрбие ретіндегі тарихи рөлін атап өтті. Қатысушылар Абай философиясымен оның шығармалары арқылы таныса білді. ҚХР Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия және Еуропа елдері…

    Жалғасын оқу
  • “Алдымда ақын Абай – Темірқазық”

    Астанадағы “Журналистер” саябағы мен “Қаламгерлер” аллеясында ұлы Абай ұлықталды Абай күні мерекесіне орай Астана қаласында алдағы онкүндікте Абай шығармаларын насихаттау мақсатында аудан әкімдіктерінің, білім, мәдениет салалары мекемелерінің ұйымдастыруымен 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Соның негізгілері бүгін басталды. “Журналистер” саябағында “Алдымда ақын Абай – Темірқазық” әдеби кеші өтті. Елорданың Байқоңыр ауданының әкімдігі, Астана қаласының Білім басқармасы, Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия…

    Жалғасын оқу
  • Ұлы ойшылдың тағылымы

    Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Жалпы, өмірдің қай саласында да, Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз. бай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі, ХХI  ғасырдағы Жаңа…

    Жалғасын оқу
  • Абай – адамзаттың ақыны

    Абай күні белгіленгеннен бастап бірнеше жыл көлемінде қарқынды аталып келе жатыр. Бұл бізді қуантып, халқымыздың рухын асқақтататын, Абайды құрмет тұтатын, Абайдан үлгі алатын жас ұрпақты дұрыс бағыт-бағдарға бағыттайтын, тәрбиелейтін үлкен бір іс-шара, мереке болып отыр. Бірнеше жыл бұрын Ләйлім Ерланқызы деген кішкентай қыз себеп болып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзі бастап Абай күніне орай челлендж жолдады. Бұған бүкіл Қазақстан…

    Жалғасын оқу
  • Қаныш планетасы

    Қазақ ғылымының ту ұстаушысы, өзі көреген, өзі ұйымдастырушы, өзі тәлімгер, өзі реформатор, өзі әмбебап ғұлама, Қаныш Сәтбаев Ғылым академиясының негізін қалады. Мемлекеттің көркею тарихында ғылымның орны қандай екенін жарқыратып танытты. Ғылым майданы дегеніміз – парасат пен ақыл-ой майданы екенін терең түсіндірді. Келешегі жарқын ақылына әрекеті үйлес ынталы жас кадрлердің басын қосып, күшін біріктіріп, бір ұлы мақсатқа жұмылдырды, қанаттандырды, жетілдірді. Сөйтіп,…

    Жалғасын оқу
  • Ақынның тектік қоры ашылды

    Бас қаланың Мемлекеттік архивіне ақын Сәбит (Сәкен) Төлегенұлының 1953-2004 жылдарды қамтитын құжаттары тұрақты мемлекеттік сақтауға қабылданып, жеке тектік қоры ашылды. Осыған орай мекемеде дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиынды Астана қаласы Мемлекеттік архивінің директоры Жангелді Бимолдин ашып, жүргізіп отырды. Сәбит Төлегенұлы – қасиетті Қорғалжын өңірінің тумасы. Мектеп жасынан өлеңге құштар болып, қолына қалам алды. Бірақ сөз өнерімен өмірін байланыстырмады. Ақмола зоотехникалық…

    Жалғасын оқу
  • Мағжан неге қудаланды?

    Мағжан шығармаларының сара тақырыбы – қазақ ұлтының мүддесі, жырлағаны – қазақ мұңы. Ол бұл тақырыпты жырлап қана қойған жоқ, бүкіл дарыны мен өнерін салып сол тәуелсіздік үшін күрес­ті. Міне, осыны айту керек  (Соңы. Басы газетіміздің №75, 90-сандарында) Біріншіден, Мағ­жанның мағжандығын «Сүй, жан сәулем, тағы да сүй» деген ынтық сезімдермен бағалау да – шындықтан мүлде алыс. «Сүйдім, күйдім…» деп әндеткен ақындарда…

    Жалғасын оқу
  • Асқақ арман иесі

    Бүгінгі күні барлық дүниені нарықтың заңымен теңестіретін әдетіміз бар. Қоғамда жолы болғыш, тағдыр маңдайынан сипаған адам міндетті түрде материалдық тұрғыдан бай немесе қолында лауазымы бар адам дейтін жаңсақ пікір қалыптастасқан. «Сананы болмыс билейді» деген қағидаға жүгіне отырып, көбінесе барлығын материалдық тұрғыдан бағалайтынымыз бар. Әрине, нарық заманында қалтанын қампиғанын кім қаламас?.. Десе де, қара қазанның қайнауынан гөрі, қара халықтың жайнауын ойлайтын…

    Жалғасын оқу
  • Мағжан неге қудаланды?

    «Қазіргі қазақ даласы Екатерина заманындағы Сарыарқа емес, сүрленген жылқы еті тау болып үйіліп, сары қымыз дария болып, ағып жатқан жоқ… Сарыарқаның күйзелген күйін көрейік, күңіренген үнін тыңдайық…» деп келеді де, Мағжан орыс тілді оқырманға, билік басындағы лауазым иелеріне өз халқының қайғылы ­жағдайын түсіндіріп береді. «Аштық қабырғаға батқанда адамның есі кетеді, шырқырап жан даусы шығады, осындай кезде басқалар Сарыарқа ұлының ыңырсып…

    Жалғасын оқу
Back to top button