Руханият

  • “Өзбекәлі” драмасының тұсаукесері өтеді

    6-7 қараша сағат 16:00 және 19:00-де халқымыздың біртуар перзенті, қайраткер, ұлт жанашыры Өзбекәлі тұлғасына арналған тұңғыш сахналық қойылым “ӨЗБЕКӘЛІ” драмасының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Бұл кеш — асыл мұрамызды дәріптеп, ұрпаққа өнеге болар тағылымды сәт болмақ. «Өзбекәлі» жобасы – ресми мемлекеттік қаржыландыруға сүйенген театр да, жекеменшік ұжым да емес. Бұл – ел мәдениетіне шынайы жанашырлық танытып, руханиятты өркендетуді мақсат…

    Жалғасын оқу
  • Кірме сөздер неге көбейді?

    «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол ақынның білімсіз бейшарасы» деген Абай сөзіне қалай деп жауап берсек екен? Мөңке бидің «Ақырзаман боларда сөздің киесі кетіп, самалы қалады» дегені бар ғой. Сол заман келді. Кешегі Алаш арыстарының «Оян, қазақ!» деп ұрандағанда көшеге шығып айғайлап, ұрандат деген жоқ, қаныңдағы тілің мен діліңді оят деді. Кез келген ұлт­­тың тілі – дүние­ге өзімен бірге келетін,…

    Жалғасын оқу
  • Биік парасат

    Баласағұндық Жүсіптің «Құтадғу білік» еңбегінде мәртебелі мамандық иелері төңірегінде: «Ұстаз-ғалымдар қауымы – халыққа ғылымымен жарық берушілер. Оларды қатты жақсы көр, сөзін құрметте. Көп болсын, аз болсын, білімін үйрен» дейді. Мыңжылдықты артқа тастап айтылған сөз болса да, құндылығы сол қалпында. Бүгін осындай мәңгілік мәнін жоймайтын сөздің алтын арқауына айналған ұстаз-ғалым жайлы сөз қозғамақпыз. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Журналистика және…

    Жалғасын оқу
  • Алтайдың ар жағынан басталған жорық

    Қазақ баласы үшін ат – жай ғана көлік емес, ердің серігі, ұлттың айбыны, даланың сәні мен салтанаты еді. Ертеде елдің қуаты мен абыройы жылқының саны мен сапасымен өлшенсе, бүгінде сол қасиетті мәдениет заманауи сипат алып, жаңа рухпен қайта жаңғырып келеді. Соның айғағы – 2022 жылдан бері дәстүрге айналған «Ұлы дала жорығы» атты ат марафоны. «Ұлы дала жорығы» жобасы жүзеге асқалы…

    Жалғасын оқу
  • Жыры да, әні де – Қазақстан

    Астанада ақын, сазгер, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Әбдіғани Бәзілханұлының «Тоғызтарау» және «Талант. Талғам. Тағылым» атты кітаптарының таныс­тырылымы өтіп, Республика күніне арналған «Қазақстаным» атауымен шығармашылық кеші ұйымдастырылды. «Тоғызтарау» жыр жинағына автордың өлеңдері, толғаулары, поэма мен ән мәтіндері, аудармалары енгізілсе, «Талант. Талғам. Тағылым» кітабы әнші, термеші Мағауия Баймұқаметұлы туралы сыр шертеді. Әбдіғани Бәзілханұлы – тек шығармашылық иесі ғана емес, өз қызметімен…

    Жалғасын оқу
  • Дулат дәстүрі – ұрпаққа өнеге

    Астана қаласындағы «Дулат Бабатайұлы атындағы №89 мектеп-лицейде» Республика күніне орай «Дулаттың мектебі – тарихтың көзі, білімнің көкжиегі» атты рухани-тағылымдық іс-шара өтті. Дулат мектебінің қалыптасу тарихын, жеткен жетістіктерін, ұлт руханияты мен білім беру ісіндегі орнын айқындап, жас ұрпаққа өнеге ету мақсатында ұйымдастырылған басқосу «Ұрпаққа өнеге – Дулат мұрасы» атты көрмемен ашылды. Көрмеде мектептің даму кезеңдері, жетістіктері мен шығармашылық табыстары қамтылған материалдар…

    Жалғасын оқу
  • «Astana Aqshamy» газетінің 35 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті

    Бейбітшілік және келісім сарайында «Elorda aqparat» медиахолдингінің құрамындағы «Astana Aqshamy» және «Вечерняя Астана» газеттерінің 35 жылдық мерейтойына арналған «Елорда шежіресі» атты салтанатты концерт өтті, деп хабарлады astana-akshamy.kz. Концертті газеттерде әр жылдары басшылық еткен редакторлар, қаламгерлер, басылымның тұрақты авторлары, зиялы қауым өкілдері, оқырман қауым мен қала тұрғындары тамашалады. Өнер жұлдыздарының концерті басталмас бұрын Президент әкімшілігі Мемлекеттік кеңесшісі хатшылығының консультанты Қалқаман Сарин…

    Жалғасын оқу
  • Қаламгерлер бас қосты

    Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалы, сондай-ақ «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірлесіп, Республика күніне орай «Қаламгер және қоғам» атты дөңгелек үстел өткізді. Елдік рухты дәріптеу, ұлттық сананы жаңғырту және қазіргі қоғамдағы қаламгердің рухани миссиясы мен азаматтық ұстанымы туралы ой қозғау мақсатында жиынға елорданың зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мәдениет және қоғам қайраткерлері…

    Жалғасын оқу
  • Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

    Астанада Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Атаулы күнге орай Әлия Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Акцияға Астана әкімдігінің, Қазақстан халқы қалалық Ассамблеясының өкілдері, қоғамдық ұйымдардың мүшелері және жастар активі қатысты. Салтанатты рәсімнен кейін қатысушылар Әлия Молдағұлованың өмірі, ержүректігі мен қаһармандығы туралы дөңгелек үстел өткен Достық үйіне оралды. Іс-шараны қалалық…

    Жалғасын оқу
  • «Осал өмір емес қой отыз бес жас»

    Егемендіктің елең-алаңы талай-талай елдік істерге қозғау салып бергені белгілі. 1990 жылғы 25 қазандағы «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация республика Кеңес Одағы құрамында тұрған кезде қабылданса да, ондағы Қазақстан заңдарының одақтық заңдардан басымдығы, елдің аумақтық тұтастығы, шекарасына қол сұғылмайтындығы, сыртқы экономикалық және сыртқы саяси байланыстарға құқылығы, төл Қарулы күштерін құру мүмкіндігіне ие болуы, республика азаматтығының берілуі сияқты түбірлі де түбегейлі…

    Жалғасын оқу
Back to top button