Шаһар шежіресі
-
Жазушылар – Ақмола өлкесінде
Алматыдағы Жазушылар одағынан келген қонақтар Целиноград қаласының көрікті жерлерімен танысты. Салт-дәстүрлер сарайында болып суретке түсті. Содан соң оқырман қауыммен кездесу өткізді. Бірінші қатарда отырғандар: жазушы Сайын Мұратбеков, Целиноград облыстық атқару комитетінде төрағаның орынбасары Светлана Жақияқызы Жалмағамбетова және әдебиеттанушы ғалым Рахманқұл Бердібаев. Екінші қатарда: республикалық Жазушылар одағының хатшысы Әнуар Әлімжанов, қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Василий Осипенко, Целиноград облыстық Мәдениет басқармасының…
Жалғасын оқу -
Сын сағатта серік болған…
Жылдың алғашқы санында сол кезеңдегі бағаны ырықсыздандыру мәселесіне мән беріпті. Шын мәнінде тауардың бәсі артып, базардың бағасы ушығып тұрғанын кеңестік түйсікпен түсіну қиын еді. Бұл істе қалалық ІІБ Социалистік меншікті талан-таражға қарсы күрес бөлімі аянбай күрескен. Бүгін баға мынадай… 1992 жыл, 9 қаңтар Газетте жарияланған Целиноград қалалық ішкі істер бөлімінің милиция капитаны А.Лукиннің есебінде, алыпсатар аталған қазіргі ұғымымыздағы «кәсіпкерлердің» әрекеті…
Жалғасын оқу -
Журналист, аудармашы – Әнуар Ипмағамбетов
Арқа өңірінде қазақ баспасөзінің қалыптасуына елеулі үлес қосып, аударма жанры арқылы қазақ әдебиетінің дамуына, ауқымының кеңеюіне үлкен ықпал жасаған КСРО Журналистер одағының мүшесі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері Әнуар Нұрғалиұлы Ипмағамбетов Тың өлкесі құрылғанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің ұйғарымы бойынша «Тың өлкесі» газеті редакторының орынбасары болып келген еді. Ал 1966 жылдан 10 жыл, яғни зейнетке…
Жалғасын оқу -
Роза – Наурыз мерекесінде
Целиноград қаласының Тың игерушілер сарайында 1993 жылы 19 наурызда өткен «Армысың, Наурыз-93» атты мерекелік концертте бір топ алматылық өнер шеберімен бірге қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, халық әртісі Роза Рымбаева ән шырқады. Өнер иесі Мұқағали Мақатаевтың «Наурыз-думан» атты өлеңіне жазылған сазгер Талғат Сарыбаевтың әнінің алғашқы орындалуын ақмолалықтарға сыйға тартты, содан соң халық әндерін, шетелдік композиторлардың туындыларын бірінен соң бірін зор шабытпен…
Жалғасын оқу -
Көш бастаған көпестер
Қосшығұловтар әулетінің тек кәсіпкерлікпен ғана айналысып қоймай, қаланың мәдени өмірін дамыту мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға сіңірген еңбегі де ұшан-теңіз. Бір ғана мысал, қазақ және татар жастарына арналған училище үлгісіндегі білім ошағы 1907 жылы көпес Баймұхамбет Қосшығұловтың қаржысына салынған еді. Тастан қаланып тұрғызылған ғимарат бүгінге дейін (Абай даңғылы мен Ә.Мәмбетов көшесінің қиылысында) сақталған, өкінішке қарай, 1997-1998 жылдары жүргізілген құрылыс-жөндеу жұмысы салдарынан…
Жалғасын оқу -
Көш бастаған көпестер
Ақмола өңірінің қалталы азаматтары туралы әңгіме қозғалған тұста, қазақ даласында кәсіпкерлік саланы алғаш қалыптастырған, қазіргі тілмен айтқанда, қазақтан шыққан тұңғыш бизнесмен тұлғалар – Қосшығұловтар әулетінің алдымен ойға оралатыны заңды. Мақалада Арқа төсіне өркениеттің озық үлгілерін алып келуге атсалысқан осы әулеттің тарихы мен тағдыры архив қорының құжаттары негізінде баяндалады. XIX ғасырда қазақ даласындағы сауда-экономикалық байланыстардың дамуы нәтижесінде кәсіпкерлікті өмірлік ұстанымының басты…
Жалғасын оқу -
Өткен жылда белгі бар
Осыдан тура 34 жыл бұрын «Ақмола ақиқаты» (қазіргі «Астана ақшамы») газетінде жарияланған мына хабарландыру сол кезде бағаның шарықтап, нарықтық экономикаға бет бұрған алмағайып күндерді еске салады. Дүкен сөрелері босап, базар нарқы өсіп, ақша күн сайын құнсызданып, халық дағдарғанда, қала билігі әртүрлі ереже мен тәртіп жүйесін енгізіп, қиын күндерден қиналмай шығудың амалын ойластырушы еді. Соның бірі мына суреттегі қала тұрғындарына азық-түліктің…
Жалғасын оқу -
Астаналық филармония табысы
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония өткен 2024 жылды табысты аяқтады. Құрамындағы 13 шығармашылық ұжым еліміздің музыкалық өнерін тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де кеңінен танытты. Халықаралық гастрольдер: Камералық хор Үндістанның бірнеше қаласында өнер көрсетіп, Lakshminarayana Global Music Festival фестивалінде қазақстандық өнерді паш етті; «Шалқыма» халық би ансамблі Катарда қазақ биін танытты; Қазақ оркестрі Түркияда, Қытайда, Өзбекстанда, сондай-ақ Тәжікстан мен…
Жалғасын оқу -
Көтеріңкі көңіл күй сыйлаған «Тамаша»
Қазақ эстрадасының белгілі майталмандары, республикаға еңбегі сіңген артистер Құдайберген Сұлтанбаев пен Тұңғышбай Жаманқұлов бастаған бір топ өнер шебері 8-10 ақпан 1991 жылы Тың игерушілер сарайында 5 концерт беріп, көрерменді күлкіге қарық қылды. Орынды өткір сөз, өрнекті әсем әзіл-оспақ, керемет келемеж, кейіпкерін айнытпай қаз-қалпында бейнелеуі, тамылжыта орындалған ән күлдіртті, сүйсінтті, қол соқтырды. Сын-сатира шеберлері көпшіліктің ойынан шығар, қоғамдық-әлеуметтік мағыналы сөздерді жиналған…
Жалғасын оқу -
Татар мәдениетінің жарқын өкілі
Целиноградта 1980 жылы маусымда Татар АССР-ның халық әртісі, Ғ.Тоқай атындағы Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, татар сахнасында аты аңызға айналған Ильгам Шакиров бастап келген «Еділ» ән ансамблінің концерті табысты өтті. Татар мәдениетінің ең жарқын өкілі бүкіл өмірін ұлттық музыка өнерін насихаттауға арнаған. Мол репертуарымен, ерекше вокалдық және орындаушылық стилімен И.Шакиров дүние жүзіне танымал болған, татар, қазақ, әзербайжан, түрік, өзбек, т.…
Жалғасын оқу