Шартарап
-
Астана алғаш рет IBTM World халықаралық көрмесіне қатысуда
Астана алғаш рет іскерлік туризм мен инвестициялар саласындағы әлемдегі жетекші халықаралық көрме – IBTM World-қа қатысуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Іс-шара 2025 жылғы 18–20 қараша күндері Барселона қаласында өтуде. IBTM World – конференциялар, іскерлік кездесулер, инсентив-турлар және өзге де корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру саласында келісімдер жасалатын, серіктестік байланыстар орнатылатын және саланың негізгі трендтері айқындалатын жаһандық алаң. Жыл сайын бұл көрме 150 елден…
Жалғасын оқу -
Тынық мұхиттан да тыныштық кетті
Соңғы кездері Тынық мұхиты төңірегіндегі саяси текетірестер өңірдегі ахуалдың күрделі кезеңге аяқ басқанын көрсетті. Әсіресе Қытай мен Жапония арасындағы қатынастың күрт нашарлап, дипломатиялық дау-дамайдың күшеюі аймақтың тұрақтылығына үлкен қатер төндірді. Қытай – Жапония елдерінің қатынасы бұрыннан күрделі, яғни 2 дүниежүзілік соғыс салған жара мен төрт арал үшін туған таластың күні бүгінге дейін шешілмеуіне байланысты екі елдің ара-қатынасы тым жақсара қойған…
Жалғасын оқу -
Мүдделер түйіскен тұс
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан басшыларын «C5+1» форматындағы саммитке шақырды. Бүгін, яғни 6 қарашада Вашингтонда өтетін бұл жиынның басты тақырыбы ашып айтылмағанымен, кездесуде сауда мен инвестиция, маңызды минералдық ресурстар және энергетика саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге басымдық берілетіні анық. Өйткені 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін Орталық Азия мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас ұзақ уақыт бойы қауіпсіздік мәселесіне…
Жалғасын оқу -
Әлемдік тепе-теңдіктің жаңа кезеңі басталды ма?
13 қазаннан бастап Таяу Шығыстың соғыс қасіреті торлаған аспаны ашылып, жұрт бейбіт күннің ауасымен тыныс алды. Израиль мен ХАМАС арасындағы атыс тоқтап, келісім жасалды. Бір сәтке болса да, оқтың үні өшіп, соғыстан шаршаған жұрт ертеңге сеніммен қарады. АҚШ-тың арағайындығымен ХАМАС 20 тұтқынды босатты. Бұған жауап ретінде Израиль де екі мыңға жуық палестиналықты түрмеден шығарды. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл күнді…
Жалғасын оқу -
Ғасырлық қақтығыстың жана кезеңі
Біздің ғасырдағы ең күрделі әрі шиеленісі шешілмеген геосаяси түйін – Палестина мәселесі. Бұл – тек бір халықтың бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресі ғана емес, Таяу Шығыстағы және жалпы әлемдік саясаттағы тұрақтылыққа тікелей әсер ететін жаһандық мәселе. Әсіресе Газа секторының қазіргі жағдайы бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Бейбіт тұрғындардың қырылуы, азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығы, ауруханалар мен инфрақұрылымның қирауы халықаралық құқықтың қауқарсыздығын және…
Жалғасын оқу -
Талап пен тартыс
Украина-Ресей соғысы бүгінде классикалық құрлықтық соғыстан заманауи технологиялар мен стратегиялық шабуылдарға негізделген жаңа сипат ала бастады. Бұл қақтығыс – тек майдан шебіндегі соғыс қимылдары емес, әуеде, теңізде, кибер кеңістікте жүріп жатқан мүдде қақтығысының көрінісі. Соғыстың алғашқы кезеңінен-ақ Ресей өзінің соққы жасау әлеуетін жоғары дәлдіктегі зымырандармен, дыбыстан жылдам бомбалаушы ұшақтарымен көрсетсе, Украина жағы Батыс елдерінен келген заманауи қару-жарақтың көмегімен тойтарыс беруге…
Жалғасын оқу -
Сауда соғысы – бітімсіз бәсеке
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы бір сәтке басылғандай көрінгенмен, бұл ұзаққа созылған бәсекенің уақытша үзілісі ғана. Әлемнің екі алпауыты арасындағы тартыс тек тарифтік текетірес емес, ол технология, геосаясат, әскери ықпал және идеологиялық үстемдік үшін күреске айналып отыр. Соңғы кезеңдегі келіссөздер мен уақытша тарифтік жеңілдіктер Қытайдың ұзақмерзімді стратегиялық ұстанымдарын өзгерте алмады. Керісінше, Бейжің сауда соғысына барынша тыңғылықты дайындалып жатқанын аңғартты.…
Жалғасын оқу -
Майдандағы саяси сауда
Ресей-Украина соғысы – әлемдік тәртіптің қай бағытқа бұрылатынын анықтайтын күрделі процесс. АҚШ пен Еуроодақтың ұстанымы, Ресейдің ішкі саяси-экономикалық тұрақтылығы және украин халқының табандылығы бұл соғыстың тағдырын шешпек. Әзірге нақты жеңімпаз жоқ. Бірақ әр тараптың шығыны мен ұстанымы олардың болашақтағы позициясына ықпал ететіні анық. Бітім бе, бопса ма? Қазір соғыс тағы бір шешуші кезеңге аяқ басқандай. АҚШ президенті Трамп пен Ресей…
Жалғасын оқу -
Чип – күш пен қауіптің символы
Қазір шиеленісіп тұрған сауда соғысының басты себебі АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық үстемдікке талас екені айтпаса да түсінікті. Өйткені чип өндірісі – бәсекенің ең негізгі өзегі, барлық заманауи технологияның (смартфон, автокөлік, әскери техника, AI жүйелері) жүрегі. Екінші тұрғыдан, жаһандық жартылай өткізгіш (чип) нарығының жылдық құны 6000 миллиард АҚШ долларынан асады және ол триллион долларлық электронды өндіріс тізбегін алға сүйрейді. Кім осы…
Жалғасын оқу -
Шығыс Еуропадағы шиеленіс: керіс пен келісім
Сауд Арабиясының Жидда қаласында Украина мен АҚШ делегациялары арасында маңызды келіссөз өтті. Келіссөз басталар алдында Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак бұл кездесудің маңыздылығын атап, америкалық серіктестермен тиімді жұмыс істеуге ниетті екенін мәлімдеді. Украина делегациясы құрамында Ермакпен бірге Сыртқы істер министрі Андрей Сибига, Қорғаныс министрі Рустем Умеров және Украина президенті кеңсесі басшысының орынбасары Павел Палиса болды. Ал АҚШ тарапынан мемлекеттік…
Жалғасын оқу