Жаңа Қазақстан
-
Экологиялық ахуал – қоғам назарында
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында бүгінгі таңда қоғам назарын аударып отырған басты мәселенің бірі – елдің экология жағдайына тоқталды. Өзіміз өмір сүріп отырған қоршаған ортаның тазалығы мен саулығы баршамызды алаңдатады. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Биылғы көктемнен бері елордада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экология акциясы ұйымдастырылып, тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастаманы барша астаналық қолдады. «Осындай…
Жалғасын оқу -
Адал еңбек – құрметті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын мұқият тыңдадық. Жалпы жұртшылық Жолдаудан халықтың әл-ауқатын жақсартуды көздейтін іс-шаралар қабылданатынына үміт артатыны белгілі. Иә, ел күткендей, биылғы Жолдауда да экономикалық өсімді қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында қажет мәселелер күн тәртібіне көтерілді. Білім мен ғылым саласының өкілі ретінде осы сала бойынша…
Жалғасын оқу -
Жұмысшылар қашанда құрметке лайық
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев біріккен Парламент отырысында халыққа «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты кезекті Жолдауын жариялады. Онда көп мәселе айтылып, халықтың ойынан шықты. Маған ұнағаны – 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп атауы. Себебі еңбек адамдарының адал еңбегін бағалау – ең маңызды мәселе. Жас ұрпақты балабақшадан еңбекке баулу, мектепте орта білім, одан кейін кәсіби…
Жалғасын оқу -
Экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету – аса өзекті міндет
– Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында үлкен логикалық байланыс бар екенін атап айтқан жөн деп білемін. Алғашқы Жолдауларынан бастап Президент басты міндет адами капиталдың сапасын жақсарту деп Үкіметке тапсырма берген болатын. Содан бері осы бағытта біршама ауқымды істер атқарылды. Қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі орта тап екенін ескерсек, Мемлекет басшысы осы жолғы Жолдауында да «Экономика өскен сайын әлеуметтік теңсіздік азайып,…
Жалғасын оқу -
Жұмысшы мамандықтары назарда болады
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында әлемдік бәсекеге қабілетті болуымыздың бағдарын көрсетіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы нақты міндеттерді белгіледі. Озық елдердің тәжірибесінен жұмысшы мамандық иелерін жан-жақты қолдап, ортақ іске жұмылдыру арқылы стратегиялық жоспарларын шындыққа айналдырғанын көруге болады. Әлем бойынша ең дамыған экономиканың…
Жалғасын оқу -
Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм
Құрметті депутаттар! Баршаңызды кезекті сессияның ашылуымен құттықтаймын! Ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріңізге табыс тілеймін. Өткен сессияда жемісті жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, Парламенттің екінші сессиясында 102 заң қабылданды. Оның ішінде қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске қатысты заңдар бар. Сондай-ақ ғылым және технология саясатын, жылу энергетикасын, басқа да мәселелерді реттейтін заңдар күшіне енді. Әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша…
Жалғасын оқу -
Жүзден жүйріктер анықталды
8-13 қыркүйекте Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Аталған іс-шараның бас демеушісі – Alageum electric, бас серіктесі – Halyk bank. Онда барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Осыған орай бірнеше бағыт бойынша жарысқа қатысатын ұлттық құрама анықталды. Жамбы ату V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайтын мергендеріміз…
Жалғасын оқу -
Біздің таңдауымыз – өңірлік ықпалдастық
Әлемдегі геосаяси ахуал тұрақсыз болып тұрған кезеңде тұтастық пен бірлік, өзара сенім мен достық бәрінен де маңызды екеніне көзіміз жетті. Өткен аптада Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуі өңірдегі алты елдің бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, толыққанды ықпалдастықты қалайтынын анық көрсетті. Бұл қадам – әлемдік экономика мен саясаттағы жаңа басты…
Жалғасын оқу -
Одақтастық байланыс жаңа деңгейге көтерілді
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды. Шағын құрамда келіссөз жүргізді Қазақстан мен Өзбекстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді. Келіссөз алдында Ақордада елімізге…
Жалғасын оқу -
Париж-2024: үміт басым, күдік те жоқ емес
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасына қатысатын ұлттық құрама команданың мүшелеріне сәттілік тілеп, Мемлекеттік туды тапсырды. 11 күннен кейін басталатын Олимпиада ойындарында біздің спортшылар нәтижелі өнер көрсетуге бар күш-жігерін салады. Сәтсіздіктен сабақ алдық па? Қазір спортшылар дайындығын пысықтап жатса, сарапшылар әлем елдері спортшыларының медаль алу мүмкіндігін талдауда. Мәселен, Gracenote сараптамалық компаниясы әлем және құрлық чемпионатының қорытындысын есепке алып, төртжылдықтың басты…
Жалғасын оқу