Шаһар шежіресі

Целиноградтағы кітап күні

Бұл сурет 1974 жылы 1 маусым күні түсірілген. Целиноград облыстық партия комитеті ғимараты алдындағы алаңда сол күні Балаларды қорғау күніне орай «Кітап күні» мерекесі өткізілген.

Оған облыстың он төрт ауданы мен қаладан алпысқа тарта кітап дүкені қатысып, үлкен рухани жәрмеңке ұйымдастырылған.

Міне, осы мәдени мерекеге сол кездегі Целиноград облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Қадырова жауапты болыпты.

Зәуре Жүсіпқызы Қадырова – кейін Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесі Президиумының хатшысы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі сияқты лауазымды қызметтер атқарды.

Суретте Зәуре Қадырова «Кітап күні» мерекесінде сөз сөйлеп тұр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button