Шаһар шежіресі

Целиноградтағы құстар күні

Әлемді қысқы ұйқысынан оятып, көктемнің келгенін сездіретін құстар мерекесі жыл сайын 1 сәуірде тойланады.

1 сәуірдің Халықаралық құстар күні деп аталу себебі құстардың жылы жақтан оралуына байланысты. Құстар мерекесі алғаш рет 1894 жылы Американың Ойл-Сити қаласында тойланыпты. Мектепте өткізілген мұндай іс-шараны биология пәнінің мұғалімі ұйымдастырды. Бұл идеяны жергілікті газеттер де қолдады. Көп ұзамай құстар күні АҚШ пен Еуропада кеңінен атап өтіле бастады.

1902 жылы Парижде ауыл шаруашылығы үшін маңызды құстарды қорғау туралы халықаралық конвенцияға қол қойылды. Ал 1906 жылға қарай бұл мереке әлемнің көптеген елінің күнтізбесінен орын алды.

Орнитологтар құстардың жойылуы біз өмір сүріп жатқан бүкіл экожүйеге орны толмас соққы береді деп ескертеді. Жыл сайын Қызыл кітапқа енген құстардың түрі көбейіп келеді. Қазір олардың әрбір алтыншысы жойылып кету қаупінде тұр.

Балалары бар ата-аналар құс үйін немесе жемшөпті жасап, оны ағашқа іліп қоюы мүмкін. Ең бастысы, оларды мезгіл-­мезгіл жаңа дәнмен толтыруды ұмытпау керек.

Міне, осыған орай 1976 жылдың сәуір айында Халық­аралық құстар күні мерекесін Целиноград қаласының мектеп оқушылары да атап өтті. Балалардың күшімен жақын маңдағы құстар мекендейтін су тоғандары тазаланып, құс ұясы жасалып, ағаштардың басына ілінді. «Қанаттылар – досымыз» деген тақырыпта сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Суретте целиноградтық жас орнитологтар құстар күні мерекесінде.

Ғазиза ИСАХАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button