Басты ақпаратМәдениет

ЧЕХОВ ТЕАТРЫНЫҢ ТАРТУЫ

Ресейліктер аяғын жерге тигізбейтін Чехов атындағы Мәскеудің көркем театры 14-17 қараша күндері Астанаға алғаш рет гастрольдік сапармен келді. «Астана — Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени астанасы» жобасы аясында елордалықтарға өнерін тарту еткен театр ұжымы екі спектаклін әкеліпті. Оның бірі — А.Вампиловтың «Өткен жазда Чулимде» («Прошлым летом в Чулимске») драмасы болса, екіншісі — Н.Гогольдің атақты «Үйлену» («Женитьба») комедиясы.

Чехов атындағы Мәскеу көр­кем театрына КСРО ха­лық әртісі Олег Табаков жетек­шілік етеді. Ол денсаулығына байланысты Астанаға келе алма­ған.  Өнер ұжы­мының өзге әртіс­тері түгел кел­ді. Олардың ішін­де театрмен бір­ге жасасып, көрер­мен­дердің көз­айы­мына айналған белгілі актерлер бар. Атап айтсақ, Ресейдің халық әртістері Владимир Краснов, Наталия Егорова, Михаил  Хомяков, Станислав Дужников, Анна Банщикова, Александр Голубев, Яна Гладких және басқа да өнер саңлақтары бар.

Ресей театрының тарландары К.Станиславский мен В.И.Не­мирович-Данченконың бастамасымен 1898 жылы құрылған театр тұңғыш сахналық қойылымын сол жылдың 14 қазаны күні А.Толстой­дың «Федор Иоаннович патша» спектаклімен ашқан екен.

Жұртшылықтың аузында «МХАТ» аталып, құрметке бөле­ніп жүрген өнер ошағы 1987 жылы екі­ге бөлініп, бірі А.Чехов театры ата­­нып, екін­шісі М.Горький есі­мін иеленеді.
Бірақ, бұл бөліну қос театрдың шы­­­ғармашылық өрлеуіне ешқандай да кедергі келтірмеді. А.Че­­хов атын­­дағы Мәскеу көркем те­ат­­ры жұрт­­­­­шы­­­лық­­тың жү­регінен жол та­уып, өл­­мес ­туын­­ды­лар­ды сахналады.

Әйгілі кино және театр актері Олег Ефремовтың шеберлік қолтаңбасымен шыңдалған театр тізгіні 2004 жылдан бастап Олег Табаковтың қолына өтеді.
Биыл 115-ші  маусымын ашқан өнер ошағының Мәскеудегі күллі қойылымдары осы театрдың не­гі­зін қалаушы Константин Станис­лавскийдың туғанына 150 жылдық мерейтойына арналған екен.

Ресейлік өнерпаздардың тартуы елорда көрермендерінің де кө­ңі­лінен шығары сөзсіз. Мәс­кеу­ліктердің алып келген қойы­лым­дары күнде сағат 19.00-де Конгресс-холда өтіп жатыр. 14,15 қараша күн­дері «Өт­кен жазда Чулимде» драмасы қойылды. Бас-ты рөлдерді Наталия Егорова, Никита Зверев, Станислав Дужниковтар сомдады.

Кеше Н.Го­голь­­дің Чехов теат­рын­ша «Үй­ле­нуі» сах­наға жол тартты. Көпшілік тарихи шығармаға көзайым болды. Он­­да­ғы об­раз­дар­ды Юрий Стоя­нов, Ев­­ге­ния Доб­­­ро­­воль­ская, Ири­на Пе­гова бей­не­лед­і. Қою­­­­шы-ре­жис­­сері – Игорь Зо­ло­­то­­­виц­­кий.  Бүгін де аста­налықтар осы спектакльді тама­ша­лай ала­тынын еске саламыз.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button