Жаңалықтар

Чемпиондар шеберліктерін көрсетті

Кеше Нұр-Сұлтан қаласының әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы филиалының «Білім парк» өнер-білім орталығында еліміздің мақтан тұтар чемпиондары балалармен кездесті.

[smartslider3 slider=3391]

Балалар жылы аясында ұйымдастырылған іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова, бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай, ММА бойынша әлем чемпионы Жасұлан Әкімжан, шахматтан әлем чемпионы Сауат ­Нұрғалиев, көркем гимнастикадан Азия чемпионы ­Сабина Бақатова және Оқушылар сарайының балалары қатысты.

– Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет «Балалар мен чемпиондар» жобасын іске қостық. Мұнда балалардың дамуы үшін қажетті шахмат, бокс, көркем гимнастика сияқты спорт түрлерінен үйірмелер мен шеберлік сабақтарын ұйым­дастырдық. Балалар жазғы демалысын, бос уақытын тиімді өткізсін деген ниетпен осы жобаны қолға алдық. Аталған іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты дене шынықтырумен айналысуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырып, оқушылар арасында бұқаралық спортты насихаттау, – деді қалалық Р.Иманғазинова.

Спортшылар алдымен осы орталықтың жұмысымен, осы жердегі оқушыларға ашылған мүмкіндіктермен танысты.

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай, ММА бойынша әлем чемпионы Жасұлан Әкімжан, шахматтан әлем чемпионы Сауат Нұрғалиев, көркем гимнастикадан Азия чемпионы Сабина Бақатова балаларға арнап өздерінің шеберлік сабақтарын өткізді. Балалардың бұл дәрістерден алған әсерлері ерекше.

Шара соңында оқушылар чемпиондардың жетістікке жету жолындағы кедергілері мен оларды жеңу жолдары, ел үшін додаға түскен уақыттағы эмоциялары туралы өздерін қызықтыратын сауалдарға жауап алды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button