Sport

Чемпионды ­қарсы алды

Кеше Нұр-Сұлтан қаласы халықаралық әуежайында шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны қарсы алу шарасы өтті.

[smartslider3 slider=1804]

Польша астанасы – Варшава қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева «блицте» бірінші орынды жеңіп алып, әлемдік шахмат тарихында әйелдер арасында ең жас шахматшы атанды.

Сондай-ақ аталмыш чемпионатта Бибісара жылдам шахматтан (рапид) 2-орынды иеленді. Шешуші партияларда Бибісара грузиялық тәжірибелі шахматшы – гроссмейстер Нану Дзагнидзені, өз отандасы Әсел Серікбайды жеңіп, чемпионаттың жеңімпазы, халықаралық гроссмейстер Александра Костенюкпен тең ойнады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button