Елорда тынысы

Черлидинг жарысы

Елордада инклюзивті черлидинг бойынша ашық турнир өтті. Шараның мақсаты – ерекше қажеттілігі бар балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, спорт түрлерін дамыту.

[smartslider3 slider=2872]

Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен 220-дан астам бала қатысты. Командалар 15 деңгей бойынша топқа бөлініп жарысты. Атап айтқанда, есту қабілеті нашар, көру қабілеті бұзылған, соматикалық аурулары бар, тірек-қимыл аппараты мен бұлшық ет дамуы бұзылған және психикалық және ақыл-ой кемістігі бар түрлі деңгейдегі спортшылар бақ сынасты. Шара соңында барлық командалар мен қатысушыларға кубок, медаль беріліп, дипломдармен марапатталды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы параолимпиадалық жаттығу орталығына ай сайын ерекше қажеттілігі бар 4000-нан астам адам тегін қатысады. Олар спорттың 18 түрімен айналысады. Сондай-ақ черлидинг бойынша жаттығудан өтеді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button