SportЖаңалықтар

СОЧИ-2014: ӘЗІРГЕ 33 ҮМІТКЕР

450_52a0098d8c8a1

Алдағы 2014 жылдың 7 – 23 ақпан аралығында Сочи қаласында ХХІІ қысқы  Олимпиада ойындары өтеді. Осы байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы командалық 20-23 орыннан көрінуді межелеп отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім етті.

Сочи ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары олимпиадалық бағдарламаға кіретін 15 спорт түрінің 11-і бойынша 40 лицензия жеңіп алуды жоспарлаған. Бүгінгі таңда 7 спорт түрінен 33 спортшымыз олимпиада жолдамасына ие болып отыр. Түрлі халықаралық жарыстарда  Сочи ойындарына берілетін лицензиялар  әлі де сарапқа салынып жатыр. Жолдама үшін сайысқа түсушілер  қатарында Қазақстан спортшылары да бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button