Елорда тынысы

CTS компаниясы хабарлайды

11 қарашадан бастап 11 бағыт қосымша автобустармен толығады. Осылай күту уақыты үш минутқа қысқартылады.
Бағдарларға 17 автобус қосылады, нәтижесінде келесі жаңартулар болады:
* №3 бағдар – 17 автобус (бұрын 15)
* №20 бағдар – 16 автобус (бұрын 15)
* №27 бағдар – 12 автобус (бұрын 10)
* №31 бағдар – 12 автобус (бұрын 10)
* №32 бағдар – 23 автобус (бұрын 22)
* №33 бағдар – 14 автобус (бұрын 13)
* №36 бағдар – 17 автобус (бұрын 16)
* №42 бағдар – 14 автобус (бұрын 10)
* №19 бағдар – 14 автобус (бұрын 13)
* №51 бағдар – 25 автобус (бұрын 24)
* №84 бағдар – 13 автобус (бұрын 12)
Көлік қызметін жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр.
       *       *       *
Құрметті жолаушылар!
Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№2,7,13,53,64,26,36,50,46,54,501,503,505,12 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.
Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
       *       *       *
Құрметті №27 бағдардың жолаушылары!
9 қарашадан бастап №27 бағдардың қозғалыс кестесіне бір бағытта «Фемида» тұрғын үй кешені» аялдамасы қосылады.
Енді бағдар Е-181 көшесі арқылы «Фемида» тұрғын үй кешеніне жүреді. «Бағыстан» тұрғын үй кешені бағытынан Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасына дейін.
Өйткені Е-181 көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысындағы жол ретке келтірілмеген.
Бірінші автобус «Жетісу-Ақсу» аялдамасынан таңғы сағат 06:11-де шығып, «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі» аялдамасында сағат 23:00-де жұмысын тоқтатады. Бағдарға 12 автобус қызмет көрсетеді.
Қоғамдық көлік қозғалысын «Avtobys», «2GIS» және «Яндекс Карты» қосымшалары арқылы бақылауға болады.
Астанада жол жүру ақысын «Transcard» көлік картасы, QR код, банк карталары, NFC, Bluetooth немесе «Avtobys» мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болатынын еске саламыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button