Cтуденттер виртуалды тур ұйымдастырды

Астаналық колледж студенттері ландшафттық дизайн бойынша виртуалды тур ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде Астана қаласының Сервис және туризм колледжінің студенттері ерекше жоба — ландшафттық ғимарат ішін виртуалды аралауды ұсынды.
Іс-шараға қатысушылар тек көркем абаттандырылған аумақты VR-технологияларының көмегімен толықтай виртуалды түрде көре алды.
Бұл жоба студенттердің осы оқу жылында алғаш рет ашылған жаңа мамандықтар — ландшафттық дизайн және флористика бағыттары бойынша жұмыстарының нәтижесі.
Ландшафттық дизайнер мамандығы қазіргі еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Бұл сала мамандары аумақты тек көркемдеп қана қоймай, оның функционалды бөліктерін дұрыс ұйымдастыру, көгалдандыру, жайлы орта қалыптастырады. Студенттердің жобасы фестивальге келгендердің ерекше қызығушылығын тудырды.