Қала тіршілігі

Cыртқы жарнама жайы қалай?

 Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы бірлескен түрде елордадағы тамақтану орындары (мейрамхана, дәмхана) басшыларымен тіл туралы заңнама талаптарының орындалу жағдайы жөнінде жиналыс өткізді.

[smartslider3 slider=292]

Іс-шараға рестораторлар және отельерлер ассоциациясы, «Drujba Cafe», «Ariya Hospitality Management», «Black Star Burger Nur-Sultan», «Уайсова Т.С.» ЖШС, «Гурмэ Консалтинг Групп» ҚБ өкілдері және т. б. қатысты.
Жиналыста басқарма басшысының орынбасары Рысбек Минаймбекұлы сыртқы жарнама мен көрнекі ақпараттарды, деректемелерді заң талаптарына сәйкестендіру және тұтынушыларға мемлекеттік тілде қызмет көрсетудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар ас мәзірлері де ең алдымен мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда басқа да тілдерде болу керек екендігін атап өтті. Сондай-ақ тамақтану орындарында қызмет көрсететін мамандар тегін түрде жеделдетілген қысқамерзімді қазақ тілін үйрету курстарына шақырылды.
 
 
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button